Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында полицей өзіне қол салды

Алматы облысында полицей өзіне қол салды

Облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Балқаш аудандық полиция басқармасына аурухана фельдшерінен аудан орталығындағы пәтерлердің бірінде 31 жастағы полиция қызметкерінің өзіне қол жұмсағаны туралы ақпарат түскен. Аталған факті Қазақстан Қылмыстық кодексінің 105-бабының 1-бөлігі бойынша тіркелді.

«Қайтыс болған азаматтың отбасында жеке проблемалары болған. Ол да қылмыстық тергеу аясында тексеріледі. Қазіргі уақытта істі жан-жақты және объективті тергеп-тексеру үшін сараптамалар тағайындалып, барлық қажетті тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр», – деп хабарлады департаменттен.

Ведомстводан атап өткендей, тергеу барысын облыстық полиция департаменті басшылығы бақылауына алды.
Өзге ақпарат Қылмыстық кодектің 201-бабына сәйкес жария етілмейді.