-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе салынып жатыр

    03.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Денсаулық, Өңір тынысы
    Алматы облысында қызылшаға қарсы екпе салынып жатыр
    0
    SHARES
    42
    VIEWS

    Алматы облысында қазіргі таңда қызылша ауруына қатысты эпидемиологиялық жағдай күрделі. Бұл туралы Алматы облысының Бас мемлекеттік санитариялық дәрігері Марат Исмаилов пен Денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбаева баспасөз мәслихатында мәлімдеді.

    Спикерлердің сөзінше, өңірде 14 наурыз бен 31 қазан аралығында 2651 адам қызылшамен ауырған. Қазір де аптасына қызылша жұқтырған 100 адам тіркеліп жатыр. Науқастардың басым бөлігі 14 жасқа дейінгі балалар. Алматы облысында 71 мектепте 137 оқушы осы ауруға шалдыққан. Ал 103 мектепке дейінгі тәрбиелеу ұйымдарында 220 жеткіншек сырқаттанған.
    Марат Исмаилов Қарасай, Еңбекшіқазақ, Талғар мен Іле ауданында сырқаттану деңгейі жоғары екенін айтады.

    «Қызылша – жедел жүретін, ауа-тамшылы жолмен жұғатын вирусты жұқпалы ауру. Сырқат дене қызуының көтерілуімен басталады, 2-4-күндері теріге ақшыл қызыл түсті бөртпелер шыға бастайды, жоғарғы тыныс жолдары, ауыз-жұтқыншақ қуысының және көздің шырышты қабықшалары қабынады»,- дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасы басшысының орынбасары Лейла Серікбайқызы.

    Эпидемиологиялық ахуалға байланысты Бас мемлекеттік санитариялық дәрігерінің 2023 жылғы 1 қарашадағы №7 қаулысына сәйкес, елімізде қызылшаға, қызамыққа және паротитке қарсы қосымша жаппай иммундау жүргізіледі.

    Қазіргі кезде қызылшамен ауыру көрсеткішін азайту мақсатында бірқатар шаралар атқарылып жатыр. Атап айтсақ, биыл 1 жастан 6 жасқа дейінгі балалар арасында қызылшаға қарсы 1 вакцинасы 25 584 балаға салынды, 2 вакцинасы 26 972 жеткіншекке салынды. 18 жасқа дейінгі қызылшаға қарсы егілмегендердің иммундық жағдайын тексеріп, екпе жұмыстары жүргізіліп жатыр. Бүгінге дейін қызылшаға қарсы егілмеген 18 жасқа дейінгі 7732 адам вакцина қабылдады.

    «Тұрғындардан балалары мен жақындарының денсаулығына немқұрайлы қарамауларын сұраймын. Сондықтан да қызылшаға қарсы екпеден бас тартпаңыздар. Тек уақытылы алынған вакцина инфекциядан қорғайды»,-дейді Марат Исмаилов өз сөзінде.

    Айта кетейік, вакцина алғаннан кейін адамда ауруға қарсы иммунитет қалыптасады.

    Ұсынымдар

    Есть все условия для АЭС

    Есть все условия для АЭС

    10 months ago
    Қош бол, смартфон, көргенше!

    Қош бол, смартфон, көргенше!

    1 year ago
    “Жайылым” жобасы жалғасады

    “Жайылым” жобасы жалғасады

    1 year ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «ӘЛЕУМЕТТІК-КӘСІПКЕРЛІК КОРПОРАЦИЯСЫ» АО АҚАЭС-КЕ ДАУЫС БЕРУГЕ ШАҚЫРДЫ

    8 months ago
    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    Алматы облысының тұрғындарына ҮАААЖ бойында жүруге жеңілдік қарастырылған

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>