-13 °c
Qonaev
Saturday, June 7, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды

    16.11.2023
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Энергетика
    Алматы жылу кешенін газға ауыстырудың алғашқы кезеңі аяқталды
    0
    SHARES
    14
    VIEWS

    Алматы қаласының энергокешенін газға ауыстыру жөніндегі Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, «QazaqGaz «ҰК» АҚ-ның еншілес компаниясы – «Интергаз Орталық Азия» ұйымы газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңін аяқтады.

    Бірінші кезеңге екі автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысы және «Алматы-Байсерке-Талғар» және «Қазақстан-Қытай» магистральдық газ құбырларын біріктіретін ТІР-04 жалғастырғыш құбырлары кірді. Сонымен бірге, Батыс жылу кешені Автоматтандырылған газ тарату станциясына жөндеу және қалпына келтіру жұмыстары жүргізілді.
    Автоматтандырылған газ тарату станциясын және жалғастырғыш құбырды (ТІР-04) іске қосуға арналған іс-шараға Алматы қаласы әкімінің орынбасары Асқар Амрин, «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі басқарушы директоры Елжас Отыншиев, Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов және «QazaqGaz «ҰК» АҚ Басқарма төрағасы Санжар Жаркешов қатысты.

    «Алматы жылу электр орталығына арналған газ инфрақұрылымы құрылысының бірінші кезеңі аяқталды. Бұл Мемлекет басшысының Алматы ЖЭО-ны газға көшіру жөніндегі тапсырмасын іске асырудағы алғашқы қадам. 2030 жылға дейін қаланың өнеркәсіптік және жеке секторларындағы нысандары газдандырылады. Тиісті жобалар қаланы дамыту бағдарламасында және Алматының жаңартылған Бас жоспарында қамтылған», – деп атап өтті Алматы әкімінің орынбасары Асқар Әмрин.

    Автоматтандырылған газ тарату станциясы №2 Жылу электр орталығын табиғи газбен қамтамасыз етуге арналған. Олардың өнімділігі 250 және 150 мың м3/сағ құрайды.
    «Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Самұрық-Қазына қоры, QazaqGaz ұлттық компанияcы мен Алматы қаласының әкімдігіне аталған жобаны жеделдетуді тапсырған болатын. Жалпы, еліміздің энергетика саласы, Алматы қаласының экологиясы, орта және шағын бизнесі үшін өте маңызды жоба деп айтсам қателеспеймін. Алматы қаласының индустриалдық аймағында орналасқан бизнес субъектілеріне үлкен көмек болады»,-деді «Самұрық-Қазына» АҚ Стратегия және активтерді басқару жөніндегі тең басқарушы Елжас Отыншиев.
    Сондай-ақ «Қазақстан-Қытай» магистральды газ құбыры мен «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральды газ құбыры арасындағы TIP-04 жалғастырғыш газ құбыры Алматы Жылу электр орталығын ғана емес, сонымен бірге Алматы және Алматы облысының тұрғындарын да тұрақты газбен қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Газ құбырының жалпы ұзындығы – 9,6 км, өнімділігі-1000 мың м3/сағ.

    «Мемлекет басшысының тапсырмасы бойынша QazaqGaz мерзімінен бұрын Алматы Жылу электр орталығын газ инфрақұрылымына ауыстыру жұмыстарының бірінші кезеңін аяқтады. Бұдан бөлек, Жылу электр орталығын газға көшіру жұмыстарының келесі кезеңіне өту үшін «Алматы-Байсерке-Талғар» магистральдық газ құбырының екінші желісін салуға кірісіп жатырмыз», – деді QazaqGaz басшысы.

    Бұдан бөлек, «Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған газ тарату станциясы «Алматы» индустриялық аймағында ірі өнеркәсіптік және өндірістік бизнес-жобаларды іске асыру үшін газ жеткізуге мүмкіндік береді.

    «Батыс Жылу кешені» Автоматтандырылған газ тарату станциясының құрылысын 2016 жылы жеке мердігерлік ұйым жүргізген, бірақ сол күйі пайдалануға берілмеген. 2023 жылы «QazaqGaz «ҰК» АҚ аталған олқылықты жойып, аталған станцияны өз қаражаты есебінен жаңғыртты. АГТС-тың өнімділігі 140 000 м3/сағ құрайды, оның ішінде станцияның екі желісі – Алматы тұрғындарына сағатына 90 мың текше метр және индустриялық аймаққа сағатына 50 мың текше метр газ таратады.

    «Бүгінгі күн Алматы қаласы мен Алматы облысы тұрғындары үшін маңызды күн! Мемлекет Басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың өңірлерді газдандыру жөніндегі тапсырмасының аясында Алматы қаласының екінші жылу электр орталығына арналған автоматты газ тарату станциясы (АГРС «ТЭЦ-2») құрылысының аяқталуы барлығымызға ортақ сәтті қадам деп санаймын. Алматы облысының Қарасай, Іле, Талғар аудандарында орналасқан жылу электр орталықтарын көгілдір отынға ауыстыру, облысымыздың бірнеше елді мекендерінің экологиясын жақсартып, бірқатарын газбен қамтитын болады. Аталған жоба сонымен қатар «G4 City» жобасы аясында салынатын қаланы газбен қамтамасыз етеді»,- деді Алматы облысы әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов.
    Атап өтерлігі, Алматы ЖЭО жаңғырту жобасын «Самұрық-Энерго» АҚ жүзеге асыруда. QazaqGaz компаниясы газ инфрақұрылымын салумен айналысады. Аталған жоба – қаладағы және қала маңындағы елді-мекендердегі ауаның ластануын азайту арқылы Алматы тұрғындарының өмір сапасын жақсартуға бағытталады, сондай-ақ энергия тапшылығын жоюға серпін береді.

    Ұсынымдар

    Жаңа қадам

    Жаңа қадам

    1 year ago
    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    КӨПЕН + КҮЛКІ = КӨҢІЛ-КҮЙ

    2 months ago
    Өнеркәсібі өркендеген

    Өнеркәсібі өркендеген

    1 year ago
    Үшауысымды мектеп мәселесін жою – басты назарда

    Облыста 4 индустриялық аймақ құрылып жатыр

    2 years ago
    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    Медициналық мекемелерді жөндеуге жекелеген инвесторлар да тартылып жатыр

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>