-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура

    27.11.2023
    in Барлық жаңалықтар
    Облыста 19 тұрғынүй мен коммерциялық нысан заңсыз салынып жатыр – Прокуратура
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Алматы облысының прокурорлары облыстағы көппәтерлі тұрғын үй кешендерінің және коммерциялық объектілердің құрылысын тексеріп, құрылыс нормалары мен ережелерінің бұзылғанын анықтады. Бұл туралы Алматы облыстық прокуратурасының баспасөз қызметі хабарлады.

    Мәселен, 19 нысан бойынша (Қонаев қаласында 11, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 3) қабылданған шаралар арқылы заңсыз алынған бастапқы материалдар (ЭҮ ТУ АПЗ) кері қайтарылды, яғни құрылыс басталғанға дейінгі процесс тоқтатылды.

    КТК заңсыз құрылысын бастау фактілері бойынша (Қонаев қаласындағы 5 нысан және Қарасай ауданындағы 1 нысан бойынша) құрылыс салушылар әкімшілік жауапқа тартылып, уәкілетті орган рұқсат құжаттарын қайтарып алу арқылы заң бұзушылықтарды жою жұмыстары жүргізіліп жатыр.

    Мысалы, құрылыс салушы Қарасай ауданының Қаскелең қаласындағы өзен арнасын заңсыз өзгертіп, «Orda Town» КТК құрылысын бастаған. Қабылданған шаралар бойынша уәкілетті орган құрылысты тоқтатты, енді заңсыз құрылысты бұзу туралы талап-арыз сотта қаралмақ.

    Бұдан бөлек, Талғар ауданында құрылысқа рұқсат құжаттары жоқ 21 коммерциялық нысан анықталды.
    Енгізілген акт бойынша уәкілетті орган құрылыс салушыларды тиісті жауапқа тарту және анықталған заң бұзушылықтарды жою, атап айтқанда, салынып жатқан нысандарды бұзу арқылы елді мекендердің құрылыс талаптары мен құрылыс салу жоспарларына сәйкес келмейтін жұмыстарды тоқтатуды көздеп отыр. Мысалы, Бесағаш кентінде Алматы-Қорғас негізгі тас жолының бойында жеке тұлға сауда орталығының құрылысын бастаған.

    Уәкілетті органдардың мәліметтеріне сәйкес аталған құрылыс тиісті жобалау құжаттарынсыз, сондай-ақ құрылысты бақылау саласындағы органның рұқсатынсыз салынып жатыр.
    Қазіргі уақытта уәкілетті орган құрылыс салушы құрылыс және рұқсат беру құжаттамасын заң нормаларына сәйкес келтіргенге дейін құрылысты тоқтата тұру шараларын қабылдады. Нысан қолданыстағы нормаларға сәйкес келмеген жағдайда аталған құрылысты бұзу мәселесі шешілмек.

    Бұдан басқа, прокуратураның актісі бойынша 3 жер учаскесінің пайдалану мақсатын заңсыз өзгертулерді сәйкестендіру және заңсыз берілген 48 учаскені тұрғын үй кешендерінің құрылысына қайтару бойынша жұмыстар жүргізілуде. Экологиялық қорытындысыз құрылыс салу фактілері бойынша облыстың 3 ауданының және Қонаев қаласының 26 құрылыс салушысы әкімшілік жауапқа тартылып, 9 млн.теңгеден астам айыппұл салынды.

    Аталған заң бұзушылықтардан басқа облыстың құрылыс салушылары уәкілетті органның тиісті рұқсатынсыз үлескерлердің қаражатын тартуды жалғастырып отыр.
    Тексеру барысында осындай 23 тұрғын үй кешені анықталып(Қонаев қаласында 9 нысан, Қарасай ауданында 5, Талғар ауданында 8, Іле ауданында 1 нысан), сот құрылыс салушыларды әкімшілік жауапқа тарту мәселесін қарастырып жатыр.

    Аталған заң бұзушылықтарға назар аудара отырып, облыс прокуратурасы салынып жатқан нысаннан тұрғын үй сатып алғысы келетін азаматтарға «үлестік құрылыс туралы» заңнаманың негізгі нормаларын басшылыққа алуды ескертеді.
    Мәселен, құрылыс компаниясын таңдағанда бірқатар құқықтық құжатқа назар аудару қажет. Үй салынып жатқан жер учаскесіне меншік құқығы құрылыс салушының компаниясында тіркелуі керек.

    Сондай-ақ, құрылыс салушының мемлекеттік сараптамадан өткен жобалау-сметалық құжаттамасы және уәкілетті органның құрылыс жүргізуге берген рұқсаты болуы тиіс.
    Және ең басты құжат – жергілікті атқарушы орган шығарған үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат ету туралы қаулы болуы тиіс. Бұл құжаттар толық болса қандай да бір дау туындағанда сатып алушыға өз құқықтарын және салған қаржысын қорғауға мүмкіндігі болады.

    Ұсынымдар

    Мерзімінен кешіккен мердігерлер

    Мерзімінен кешіккен мердігерлер

    1 year ago
    «Жасанды интеллект – құрал, бірақ адам секілді абстрактілі ойлай алмайды»

    «Жасанды интеллект – құрал, бірақ адам секілді абстрактілі ойлай алмайды»

    1 year ago
    Ұстаз аты мәңгілік

    Ұстаз аты мәңгілік

    2 years ago
    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    БҰҚАРА ҮНІ БИЛІК НАЗАРЫНДА

    9 months ago
    Өнерімен тәнті етті

    Өнерімен тәнті етті

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.