🌧️
6°C
Қонаев
Сейсенбі, Қараша 4, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды

    01.12.2023
    in Құқық-заң, Мемлекеттік қызмет, Өңір тынысы
    Мемлекеттік қызметшілерге ойынханаларға баруға тыйым салынды
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Биыл қараша айында Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев мемлекеттік қызметшілерге, құқық қорғау органдарының қызметкерлеріне және әскери қызметшілерге қызмет бабынан басқа жағдайда ойын мекемелеріне баруға тыйым салатын тиісті Жарлыққа қол қойды.

    Алматы облысының мемлекеттік қызметшілерін осы өзгерістермен таныстыру мақсатында облыстың мпмлекеттік қызмет істері агенттігінің Алматы облыстық департаменті облыстың барлық мемлекеттік органдарының әдеп жөніндегі уәкілдерінің, Әдеп жөніндегі кеңес мүшелерінің және БАҚ өкілдерінің қатысуымен кездесу ұйымдастырды.

    Кездесу барысында департамент басшысы Арсен Жакупов мемлекеттік қызметшілердің әдебін қамтамасыз етуде әдеп жөніндегі уәкілдер маңызды роль атқаратынын баса айтты.
    Сондай-ақ, Арсен Жакупов қызметтік көлікті мақсатсыз пайдалану және жұмыс уақыты режимін сақтау мәселелері департаменттің ғана емес, қоғамның да қатаң бақылауында екенін айтты.
    Департамент жұртшылықпен бірлесіп, жұмыс уақытын есепке алу мониторингі барысында білім басқармаларының, цифрлық технологиялардың және басқа да бірқатар мемлекеттік органдардың мемлекеттік қызметшілерінің үстеме жұмыс істегенін анықтады.

    Кездесу қорытындысында әдеп жөніндегі уәкілдер өз ұжымдарында осындай іс-шараларды өткізуді және Әдеп кодексіндегі күшіне енген өзгерістерді әрбір мемлекеттік қызметшіге түсіндіру тапсырылды.

    Еске салайық, әдеп жөніндегі уәкілдер мемлекеттік қызметшілердің қызметтік әдеп нормаларын сақтауын, мемлекеттік қызмет және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы заңнамаларын бұзушылықтардың алдын алуын қамтамасыз ету жөніндегі қызметті жүзеге асырады.

    Ұсынымдар

    Қазақша сөйлесейік!

    Қазақша сөйлесейік!

    7 months ago
    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    ХАЛЫҚТЫҚ ШТАБ «БЕНТ» ЖШС ҚЫЗМЕТКЕРЛЕРІМЕН КЕЗДЕСТІ

    1 year ago
    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    Алматы облысында «TENGRI ULTRA» марафоны өтеді

    2 years ago
    Кегенде Ақсақалдар кеңесінің төрағасы алғаш болып дауыс берді

    Кегенде Ақсақалдар кеңесінің төрағасы алғаш болып дауыс берді

    3 years ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Тұлпарлар шықты жарысқа

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>