Келесі жылдан бастап елімізде ең төмен жалақы, ең төмен мемлекеттік базалық зейнетақы төлемі мен зейнетақының ең төмен мөлшерi өзгереді.
Бұл туралы «Егемен Қазақстан» газетінде жарияланған 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңның мәтінінде айтылған.
Аталған заңның 9-бабында жалақының жаңа жүйесі туралы айтылған. Яғни 2024 жылғы 1 қаңтардан бастап жалақының ең төмен мөлшерi – 85 000 теңге, мемлекеттік базалық зейнетақы төлемінің ең төмен мөлшері – 28 215 теңге, ал зейнетақының ең төмен мөлшерi – 57 853 теңге болып бекітіледі.
Сондай-ақ, айлық есептiк көрсеткiш те ұлғайып, 3 692 теңгені құрайды.
Базалық əлеуметтiк төлемдердiң мөлшерлерiн есептеу үшiн ең төмен күнкөрiс деңгейiнiң шамасы 43 407 теңге болады.
Еске салсақ, 5 желтоқсанда Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 2024 – 2026 жылдарға арналған республикалық бюджет туралы заңға қол қойған.