14 желтоқсан күні сағат 19:22-де Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаментінің (ТЖД) кезекші бөліміне Еңбекшіқазақ ауданы Шелек ауылында операторлық жанармай құю станциясының және жалпы көлемі 30 текше метрді құрайтын жақын маңдағы цистерналардың өртеніп жатқаны туралы хабарлама түсті. Өрт орнына Алматы облысының ТЖД күштері мен құралдары, барлық шұғыл өзара іс-қимыл қызметтері жіберілді.
Сағат 20:15-те 80 шаршы метр аумақта өрт оқшауланып, сағат 21:41-де сөндірілді. Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде өрт орнына жақын газ құю құю станциясын (30 м қашықтықта), минимаркетті (10 м) және тұрғын үй секторын (15 м) от шарпуына және жанармай құю цистерналарының жарылуына жол берілмеді.
Өрттің себебінен 1967 жылы туған жанармай көлігінің жүргізушісі зардап шекті, оны орта дәрежедегі термиялық күйік шалған. Алғашқы медициналық көмек көрсетілгеннен кейін ол ауруханаға жатудан бас тартты.
Өрттің себебін анықтау үшін Алматы облысы ТЖД сынақ өрт зертханасы мен анықтау бөлімінің қызметкерлері жұмыс істеп жатыр.
Өртті сөндіруге Алматы облысы ТЖД 20 қызметкері мен 8 техникасы, аудандық полиция бөлімінің 5 қызметкері мен 2 техникасы, жедел медициналық жәрдем бригадасының 3 қызметкері мен техникасы жұмылдырылды.