⛅
13°C
Қонаев
Сенбі, Қараша 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ

    29.12.2023
    in Құқық-заң
    Балаларды есірткіден сақтандыру керек – ІІМ
    0
    SHARES
    7
    VIEWS

    Ішкі істер министрлігі еліміздің білім ошақтарында қысқы демалыстың басталуына байланысты ата-аналарға үндеу жасады. Полиция ата-аналарды балаларының есірті тарату, тұтыну қаупіне ұшырауы мүмкін екенін ескертіп, оның алдын алу жолдарын көрсетті.

    “Құрметті ата-аналар! Қазіргі уақытта есірткі кез-келген отбасының өміріне енуі мүмкін. Биыл полиция есірткі таратуға қатысы бар 40-тан астам кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Қысқы демалысқа байланысты Ішкі істер министрлігі ата-аналарды балаларының өміріне барынша сақ болуға шақырады, себебі баланың есірткіге қарсы иммунитетін қалыптастыруда отбасының рөлі зор. Сіздер балаларыңыздың ортасын білулеріңіз керек, олар пайдаланатын интернет-ресурстарды қадағалағандарыңыз абзал. Жасөспірімнің заттарының арасында кез келген дәрі-дәрмек қаптамалары, фольга, шыны түтіктері, тамшуырлар кездессе, мұқият болыңыз. Мұның бәрі синтетикалық есірткіні қолдануға арналған құрал бола алады. Ақша шығынына немесе керісінше оның көбеюіне назар аударыңыз. Себебі есірткіні қолданудан басқа бала тез арада көп табыс табу мүмкіндігіне қызығып, оны таратуға қатысуы мүмкін”, – деді Ішкі істер министрлігі есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл департаменті бастығының орынбасары Бақытжан Әмірханов.

    Осыған байланысты ведомство егер баланың араласатын ортасы өзгерсе, достарымен сөйлесу немесе хат алмасу кезінде жаңа түсініксіз сөздер пайда болса, телефонда, мессенджерлерде геолокациялары бар белгілер, фотосуреттер пайда болса, телефон нөмірлері, интернет-сайтқа сілтемелері бар жазбалар немесе сандар жиынтығы болса, белгісіз заттары бар түрлі-түсті орама болса ол ата-анада күмән тудырып, қадағалауы қажет екенін айтады.

    Еске салайық, Қазақстан заңдары бойынша есірткі қылмысы үшін қылмыстық жауапкершілік 16 жастан, есірткіні сатқаны үшін қылмыстық жауапкершілік 14 жастан басталады.

    Ұсынымдар

    Талғар ауданында жол жөндеу қарқынды жүргізілуде

    Жол жөндеу жалғасады

    10 months ago
    Жастар

    Жастарға сенім білдірді

    10 months ago
    Ақынға құрмет – жыр жауһарына құрмет

    Ақынға құрмет – жыр жауһарына құрмет

    3 years ago
    АХУАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛЫМ?

    АХУАЛЫҢ ҚАЛАЙ, АУЫЛЫМ?

    4 months ago
    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    Бала қауіпсіздігі – басты назарда болуы тиіс

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>