-13 °c
Qonaev
Friday, May 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Жастарға сенім білдірді

    15.01.2025
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Лебіз, Сұхбат
    Жастар

    Мәдениет порталы

    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың «Ana tili» газетінде жарияланған сұхбаты – былтыр ел көлемінде атқарылған жұмыстардың есебі, сонымен бірге еліміздің алдағы даму бағыттарын айқындайтын бағдарламалық құжат деуге болады. Мұғалім ретінде негізгі міндетіміз – балаларға білім беру және жас ұрпақты отаншылдық рухта тәрбиелеп, олардың бойына ұлтымыздың ең асыл қасиеттерін сіңіру болғандықтан, маған сұхбатта Мемлекет басшысының жастар туралы айтқаны ерекше әсер етті.

    «Еліміздің тағдыры – жастардың қолында. Біз отаншылдығын нақты ісімен көрсететін әрі мәдениеті жоғары ұрпақ өсіруге міндеттіміз. Реформаның бәрін жастардың игілігі үшін жасап жатыр­мыз. Бұл – әншейін әдемі сөз емес, мемлекет стратегиясының түпкі мәні. Бүгінгі жастар біздің жас кезімізге қарағанда әлдеқайда көп біледі. Қазіргі технология дәуірінде бұл – қалыпты нәрсе. Қазақстанда дарынды, білімді әрі мақсатына ұмтыла білетін қыз-жігіттер көп. Дәл сол себепті мен жастарға сенемін деп жалықпай айта беремін. Бір ғана тілегім, ақыл-кеңесім бар: жас азаматтарымыз дүниетанымы тұрғысынан жасампаз, ойлау қабілеті жағынан сындарлы болуға тиіс, олар жақсы мен жаманның аражігін ажырата білуі керек. Жастарымыз халқымыздың болмысына жат идеялардың жетегінде кетпесе, күйзеліске түспесе, нигилизмге бой алдырмаса екен деп тілеймін. Олардың белсенді, тәртіпті, білімпаз, еңбекқор болғанын қалаймын», – деген  Президент мемлекеттің міндеті – жас мамандарға материалдық және моральдық жағынан көмектесу екенін айтты.

    Бұл – өте маңызды! Өйткені жоғары және орта арнаулы оқу орындарын әртүрлі мамандық бойынша бітірген қаншама жас жұмыссыз жүр. Оқыған мамандығы бойынша жұмыс істемеген соң біліктілік төмен, нәтиже ойдағыдай болмайды. Сәйкесінше  жалақы аз болады.  Соның салдарынан 20 мен 40 жастың ортасындағы нағыз күш-қайраты толысқан мыңдаған қыз-жігіт отбасын құрып, бала-шағалы болуға асығар емес. Мұның әлеуметтік, демографиялық салдары да ұлттық дамуымызға ұнамсыз әсер ететіні сөзсіз. Ал «Болашақ» бағдарламасы бойынша оқыған біраз жастың шетелдерде жұмыс істеп жатқаны жайында аз жазылып жатқан жоқ.

    Президенттің  «Заң мен тәртіп» туралы айтқан ойлары да мені бейжай қалдырмады. Қасым-Жомарт Кемелұлы:   «Заң мен тәртіп» қағидасы құқық қорғау саласына ғана арналған деп тұжырымдаған дұрыс болмайды. Мен бұл қағиданы тереңірек түсінемін. «Заң мен тәртіп» – мемлекеттік құрылыстың басты қағидаты.  Бұл ретте жазалау шараларын қолдану арқылы қоғамға жаппай бақылау орнату туралы айтып отырған жоқпыз. «Заң мен тәртіп» қағидаты – шын мәнінде кемел демократияның тірегі, құқықтық мемлекеттің негізі. «Заң мен тәртіпке» бағынбасақ, құқық нормаларына құрметпен қарамасақ, Әділетті Қазақстанды құрып, оны өркендеген мемлекет ете алмаймыз. Сондықтан біздің міндетіміз – бұл қағидатты еліміздің құндылықтар жүйесіне барынша кіріктіріп, халық болмысының, қоғам өмірінің ажырамас бөлігіне айналдыру» – деді.

    Сондай-ақ ол қасіретті  Қаңтар оқиғасы кезіндегі жаппай тәртіпсіздікті қылмыстық топтар жасағанын, мемлекет ұйымдасқан қылмыспен ымырасыз күрес жүргізуге шамасы жететінін соңғы екі жылда анық көрсеткенін, аса қауіпті қылмыстық топтар әшкереленіп, құрықталып жатқанын, былтыр 246 адам қылмыстық жа­уапкершілікке тартылғанын, оның ішінде ұйымдасқан қылмыстық топтардың 30 басшысы бар екенін, мұның бәрін ерекше бақылауда ұстап ­отырғанын айтты.

    Президент Талғардағы оқиғадан кейін құқық қорғау органдары қажетті шаралардың бәрін қабылдағанын, күдіктілер қамауға алынғанын, тергеп-тексеру жұмыстары аяқталуға жақын екенін, көп ұзамай осы іске қатысты сот болатынын да жеткізді. Талғар тұрғындары, меніңше бүкіл халқымыз енді тек әділ шешім шығарылуын күтіп отыр. Қоғамның талабы осы. Ал Әділетті Қазақстанды құру үшін бүкіл қоғам заң мен тәртіпті сақтауы тиіс!

    Мәдина ҚОНЫСБАЕВА,

    Талғар қаласындағы №4 жалпы білім беретін

    орта мектеп-лицейі директорының орынбасары,

    тарих пәнінің мұғалімі

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    2 years ago
    Әкім: Алматыда 2025 жылға қарай дизельді автобустар жүрмейді

    Әкім: Алматыда 2025 жылға қарай дизельді автобустар жүрмейді

    2 years ago
    Атом электр стансары болжамды электр энергиясын өндіруге қабілетті

    Атом электр стансары болжамды электр энергиясын өндіруге қабілетті

    8 months ago
    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    “Бизнеске жол” жобасының жұмыс барысы таныстырылды

    2 years ago
    Қарқара тарихына үңілді

    Қарқара тарихына үңілді

    11 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.