Перейти к содержимому
Главная страница » Жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетілді

Жолда қалған жүргізушілерге көмек көрсетілді

Сақылдаған сары аяздың беті Алматы облысында да қайтпай тұр. Бұрқасын жел салдарынан республикалық маңызы бар жолдар жабылған болатын.

Оның ішінде, Жамбыл ауданы аумағынан өтетін «Алматы-Ташкент-Термез» жолының 59-143 шақырымында барлық автокөліктердің жүруіне шектеу қойылды.

AMANAT партиясы белсенділері аязды күні жолда қалған жүргізушілерге көмек қолын созды. Олар ыстық шай мен тамақ ұсыну сынды қам­қорлық шараларын қолға алды.

«Аманаттықтар жолда қалған әрбір көлікке ас жеткізіп беруде. Жолаушылар өз алғыстарын білдіріп жатыр», – дейді аудандық партия филиалының төрағасы Ықылас Амалбек.

Көлік жолдарын қардан тазалау жұмыстарына арнайы техникалар мен қызметкерлер жұмылдырылып, жұмыстар үздіксіз жүргізіліп жатыр.