-13 °c
Qonaev
Tuesday, May 13, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Өңір тынысы

    Тосын апатқа тосқауыл керек

    15.01.2024
    in Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Тосын апатқа тосқауыл керек
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Ауа райының бірде жылып, бірде жаңбырлы болуы, тау бөктерлеріндегі қардың көшкінге ұласуы тосын апаттың аяқ асты екенін көрсетуде. Айтып келмес апаттың алдын алу жұмыстарын пысықтау мақсатында облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев Еңбекшіқазақ ауданындағы төтенше жағдай қаупі жоғары аумақтарды аралады.

    Еңбекшіқазақ ауданындағы сел басу қаупі бар елді мекендердің бірі – Өрікті ауылы. Аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ертай Нұрмахан аймақ басшысына еріген қар мен жаңбырдың салдарынан су басуы мүмкін Өрікті ауылындағы № 5 участоктің нақты жағдайын түсіндірді. Аталған аумақтағы «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» республикалық маңызы бар көлік жолы мен оның бойындағы 60-қа жуық адам тұратын 15 үйді сел басуы мүмкін. Бұл қауіп-қатердің алдын алу үшін бүгінде жол бойындағы құбырлар мен арықтарды тазалау жұмыстары жүргізілген. Облыс басшысы аудан әкімінің уақытша міндетін атқарушы Ертай Нұрмаханға «Алматы – Талғар – Бәйдібек би» республикалық маңызы бар көлік жолының бойындағы құбырлы өткелдер мен қолданыстағы арнаны тазалауға баса назар аударуды тапсырды.

    Келесі кезекте облыс басшысы Есік өзенінің арнасын тұрақтандыру құрылысының жоспарымен танысты. Жоба жайында «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау аумақтық техникалық басқармасының басшысы Ғалымжан Баймаханов егжей-тегжейлі баяндады. Оның сөзінше, көктем-жаз кезеңіндегі болуы мүмкін су, сел тасқыны қаупінен халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Есік өзенінің тұрақтандырылған арнасын қала шетіне дейін (ұзындығы 2,5 шақырым) ұзарту және Есік өзенінің тұрақтандырылған арнасының құрылысын реконструкциялау қажет.
    – Халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін Есік қаласы шегіндегі (ұзындығы – 510 м) шеткі учаскеден бастап, жаңа көпірге дейін (850 м) тұрақтандыруды кезең-кезеңімен салу қажет, – дейді Ғалымжан Баймаханов. Ал облыс әкімі Марат Елеусізұлы Есік өзенінің арна құрылысының жалғасуына қолдау білдеретіндігін жеткізіп, аудан әкімдігіне тиісті өтінім беру керектігін айтты.

    «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау аумақтық техникалық басқарма қызметкерлерінің мәліметінше, Еңбекшіқазақ ауданында селден қорғайтын 16 бөгет бар. Оның кейбір бүлінгендері күрделі жөндеуден өткен. Барлық бөгет апатты жағдайда селден қорғауға қауқарлы.

    Еңбекшіқазақ ауданындағы қар көшкіні түсетін қаупі бар аумақтардың бірі – Түрген ауылындағы Батан шатқалы. Нақты мәліметтерге сүйенсек, 2022 жылдың қарашасы мен 2023 жылдың қаңтар айы аралығында Еңбекшіқазақ ауданындағы «Түрген – Батан» автожолында өздігінен түскен қар көшкіні 17 мәрте тіркеліп, жалпы көлемі 5 570,6 текше метр аумақты қамтыған. Облыс әкімі осы жолғы сапарында табиғат жиі тосын мінез көрсететін аумақты да назардан тыс қалдырған жоқ. Биыл «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау аумақтық техникалық басқармасы аудандағы Төтенше жағдайлар бөлімі және өзге де құзырлы мекемелермен бірілесіп, ондағы туындайтын апатты жағдайдың алдын алуға тыңғылықты күш салған. Алайда онда қар көшкіні мен селден қорғайтын бөгеттер жеткіліксіз. Сондықтан, Еңбекшіқазақ ауданының төтенше жағдай қызткерлері облыс әкіміне «Түрген-Батан» автожолындағы қауіпті аумақтарға қар көшкіні мен селден қорғайтын бөгеттер салу керектігін жеткізді.

    Бүгінде «Қазселденқорғау» ММ Іле-Алатау аумақтық техникалық басқарма тарабынан 11 адамнан тұратын жедел штабы құрылды және төтенше жағдайлар салдарын жою бойынша жұмыстарға қатысу үшін 11 адам, 4 бірлік жедел-кезекші техника және 7 бірлік арнайы ауыр техникалары бар апаттық механикаландырылған топ жасақталған.
    Сапар соңында облыс басшысы төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпті құрылыстардың заңдылығы, қорғаныс құрылыстарын салу және жобалау мәселелері бойынша Мемлекеттік күзет қызметіне, құқық қорғау органдарына, облыс әкімдігі мен төтенше жағдай қызметі өкілдеріне тиісті тапсырмалар берді.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    Облыстың гидрометеорологиялық жағдайы тұрақты

    1 year ago
    Дайындық барысы сараланды

    Дайындық барысы сараланды

    7 months ago
    Жағдайың қалай, студент?

    Жағдайың қалай, студент?

    1 year ago
    Ұстаз шапағаты

    Ұстаз шапағаты

    10 months ago
    Жастарға жұмыс ұсынылды

    Жастарға жұмыс ұсынылды

    10 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.