-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Дайындық барысы сараланды

    02.10.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Дайындық барысы сараланды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

     Өңірлік коммуникациялар қызметінің ақпараттық алаңында 6 қазан күні өтетін Жалпыұлттық референдумға дайындық барысы жайында сөз етілді. Брифинг спикері облыстық аумақтық сайлау комиссиясының төрағасы Мейрамгүл Айтова өңірімізде референдумды дайындау мен өткізу үшін барлығы 643 комиссия құрылып, оның ішінде бір облыстық және 11 аумақтық комиссия жалпыұлттық сайлауға жұмылдырылғанын жеткізді.

    Облыс бойынша референдум учаскелерінің ішінде уақытша болу орындарында – 28, әскери бөлімдерде – 14, стационарлық денсаулық сақтау, емдеу-профилактикалық мекемелерінде – 6, арнаулы әлеуметтік қызметтер көрсету орталықтарында – 1, тергеу изоляторларында және уақытша ұстау изоляторларында 7 сайлау орны қызмет көрсетеді. Мейрамгүл Қазбекқызының айтуынша, референдум комиссияларының құрамында 4571 адам, оның ішінде аумақтық комиссиялардың 40 мүшесі кәсіби босатылған негізде жұмыс істейді. Сондай-ақ баспасөз мәслихатының қонағы сайлаудың әділ өтуін қадағалап, жұртшылықтың дауыс беруіне қолайлы жағдай жасайтын комиссия мүшелері арнайы оқытылып, дайындықтан өткендігін жеткізді. Ол өз сөзінде:
    – Биылғы жылдың 29 тамызында аумақтық референдум комиссияларының мүшелері оқытудан өтті. Қала мен аудандар бойынша 40 адам кәсіби босатылған негізде білім алды. Әзірленген кестеге сәйкес, 9-24 қыркүйек аралығында көшпелі семинарлар ұйымдастырылды. Семинарлар 9 ауданда, Алатау қаласында және Қонаев қаласында өткізілді. Референдумның 1683 мүшесі арнайы оқудан өтіп, сертификаттар алды. Қонаев қаласында оқу 24 қыркүйекте референдум комиссиясының мүшелері К.Петров пен С.Мұстафинаның қатысуымен өтті. Оқу барысында комиссия мүшелері референдумды дайындау мен өткізудің құқықтық және практикалық аспектілерін зерделеп, коммуникативтік дағдыларды дамыту бойынша практикалық сабақтар өткізді. Оқыту жұмыстары әлі де жалғасуда, – деді.
    Спикер облыстық референдум комиссиясының ресми интернет-ресурсында «Референдум – 2024» бөлімі құрылғанын алға тартып, сайлау жөнінде сайтта үнемі медиа-контент – инфографика, бейнелер мен аудиоматериалдар жарияланатынын жеткізді. Сонымен қатар «Instagram», «Facebook» әлеуметтік желілеріндегі облыстық комиссияның аккаунты арқылы референдум бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілгенін хабарлады. Бұл орайда Мейрамгүл Қазбекқызы:
    – Облыстық ақпараттық технологиялар басқармасымен бірлесіп сайлау учаскелерінің электрондық картасы әзірленді. Бір рет басу арқылы сайлаушылар өздерінің сайлау учаскесін тауып, оның орналасқан жерін картадан көре алады. Азаматтарды хабардар ету үшін 8025 дана шақыру билеті дайындалды. Республикалық референдумға мүгедектігі бар адамдардың қатысуы үшін жағдай жасау шаралары қабылданды. Облыс бойынша ерекше қажеттіліктері бар сайлаушылардың жалпы саны 1227-ні құрайды. Мүгедектігі бар адамдарға арналған бұрыштар жабдықталған. Дауыс беру күні барлық 11 қала мен ауданда инва-такси ұйымдастырылады және сурдоаудармашыларды тарту мүмкіндігі де қарастырылған, – деді.
    Сөз соңында спикер дауыс беру күні облыстағы 477 референдум өткізу учаскесінде тіркеуді тексеру бойынша онлайн-сервистер жұмыс істейтінін айтып, тіркелмеген азаматтарды уақытша тіркеуді ұйымдастыру үшін 5 сайлау учаскесі жұмыс істейтінін де тілге тиек етті. Тіркеуі жоқ азаматтар шағын ХҚКО жұмысы жоспарланған сайлау учаскелерінде тікелей тіркелетін болады.

    Құралбек СӘБИТОВ

    Ұсынымдар

    Оятып ойдың зердесін

    Оятып ойдың зердесін

    11 months ago
    Безопасность атомных электростанций: факты и реальные риски

    Безопасность атомных электростанций: факты и реальные риски

    10 months ago
    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    Киелі Талхиз өңірінде “Бәйге” федерациясының алқа жиыны өтті

    7 months ago
    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    Өндіріс ошақтарында жаңа жұмыс орындары көбейді

    2 years ago
    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    Қауіпсіздікті сақтау маңызды

    9 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>