Аоматы облысында Қонаев қаласы, Қарасай және Іле ауданының тұрғындары Халыққа қызмет көрсету орталықтарында рәсімдеген дайын құжаттарын үйге жеткізу қызметін пайдалана алады. Бұл туралы Мемлекеттік корпорацияның Алматы облысы бойынша филиалы хабарлады. Курьерлер азаматтарға құжаттарын көрсетілген мекенжай бойынша 2 сағат ішінде жеткізеді.
Айта кетсек, құжат дайын болған кезде қызмет алушыға жеткізуді рәсімдеу туралы ұсынысы бар 1414 нөмірінен SMS-хабарлама түрінде express.gov4c. порталына сілтеме түседі. Өтінімді рәсімдеу кезінде клиент сауалнамадағы деректерді толтырып, жеткізу мекенжайын көрсетіп төлем жасауы қажет.
Дайын құжаттарды жеткізу мемлекеттік қызметтің 150 түрі, олардың ішінде жылжымайтын мүлікке құқықтарды тіркеу, апостильденген білім туралы құжаттар, мұрағат анықтамалары, әскери билеттердің телнұсқалары және басқа қызметтер бойынша қолжетімді. Дегенмен, жеткізу қызметіне жеке куәлік, паспорт және жүргізуші куәлігі сияқты құжаттар кірмейді.
Бұл қызмет азаматтарды халыққа қызмет көрсету орталығына қайта барудан босатып, олардың уақытын үнемдейді.
Мөлдір Айдосқызы,
«Азаматтарға арналған үкімет» мемлекеттік корпорациясы» КЕ АҚ Алматы облысы бойынша бойынша PR- менеджері