«Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген қазақта қанатты сөз бар. Жүзге, руға бөлінгеннен Құдай сақтасын, бірақ жеті атамызды біліп, ұлыларымызды ұрпағымызға ұлықтап, тегімізді танып, тектілік сақтау – қанымызға сіңген қасиет. Көнекөз қарияларымыз да ру тарихы бабалар тарихы екенін айтады. Әр ұрпақтың ата тегін білуі өз шежіресін тануымен қатар бауырмашылдықты арттыратыны ақиқат. Осы орайда Ұлы жүзде Албан бабамыздан тараған, Алжан атамыздың бел баласы Аламаннан рулы елге айналған абыз анамыз Тойын жайлы тарихта айтылып жүрген деректерді жинастырып, ой толғамақпыз. Өмірі ұрпағына өнеге болған асыл анамыз жайлы ел аузында жүрген көп аңыздың бір парасын ұсынуды жөн көрдім.
Тойын анамыз жайлы толғағанда Аламан атаны айтпай өтуге болмас. Сөз басын өз заманында танымал тұлға атанып, батыр, балуан, сөзі мірдің оғындай шешен, даналығымен ел қамқоршысына айналған әділ би Аламан атамыздан бастасақ. Аты тұтастай рулы елге айналған атамыздың ұрпақтары батыр, білімді болуы да бабадан қалған тектілік, қаннан тараған қасиет деп білеміз. Міне, сондай Аламан атамыздың ұрпағын ардақтап, ақылын аямай, маңдайынан сипап өсіріп, рулы елге жеткізген Тойын анамыздың да тарихта айтарлықтай орны бар. «Жақсы адамның қадірін ағайын білмес, жат білер, Арқасына ердің батқанын иесі білмес, ат білер» дегендей, Тойын ана көркіне ақылы сай, абыз ана болған», – дейді қарт ұстаз Мұқамыр қария. Анамыз жайлы қалам алмас бұрын біраз дерек жинастырдық. Осы орайда Қытай Халық Республикасынан келген қандас бауырымыз Қуатнұр Сырғабайдың да Тойын анамыз жайлы тарқата айтқаны көп көмегін тигізді. Данышпан Тойын анамыз тарихта болашақты болжай білуімен, адам мен жылқы малын сынай алуымен, білімділігімен, сыншылдық сипатымен көптің есінде қалған екен. Өзінің орамды ойлары мен терең толғаныстары арқылы Аламан бидің әулетіне тың жаңалықтар қосқан алып тұлғалы ана жайлы айтылар жайт көп. Аламанның үш әйелінен тараған ұрпақты баптап, бәйтерек болғанынша аялап «Жеті атасын білмеген – жетесіз» деген қазақта қанатты сөз бар. Жүзге, руға бөлінгеннен Құдай сақтасын, бірақ жеті атамызды біліп, ұлыларымызды ұрпағымызға ұлықтап, тегімізді танып, тектілік сақтау – қанымызға сіңген қасиет. Көнекөз қарияларымыз да ру тарихы бабалар тарихы екенін айтады. Әр ұрпақтың ата тегін білуі өз шежіресін тануымен қатар бауырмашылдықты арттыратыны ақиқат. Осы орайда Ұлы жүзде Албан бабамыздан тараған, Алжан атамыздың бел баласы Аламаннан рулы елге айналған абыз анамыз Тойын жайлы тарихта айтылып жүрген деректерді жинастырып, ой толғамақпыз. Өмірі ұрпағына өнеге болған асыл анамыз жайлы ел аузында жүрген көп аңыздың бір парасын ұсынуды жөн көрдім. өсірген, халқымен мұңдасып, сырласып, жұрт жүрегінен орын алған асыл анамыз шөлдегенге суат, тарыққанға қуат болған. Ерекше мейіріміне бөленген ұрпағы абыз ананың кем-кетікке сүйеу, жығылғанға демеу болғанын да мақтанышпен айтады. Тапқырлығы мен қамқорлығына бас иген халқы алтындай асыл жанды ерекше қадір тұтқан. Бойынан кішілік, тұқымынан кісілік кетпеген.
Біздің дана халқымыз «Қойшының таяғынан, келіннің аяғынан» деген сөзді тектен-текке айтпаған болуы керек. Тойын ана Алжанның босағасын келін болып аттағаннан бастап Аламанның шаңырағына құт дарып, бақ-дәулеті артқан. Берекесі көбейіп, керегесі кеңейген Аламан елінің төрт түлік малы мыңғырып өсіп, жылқысының санынан жаңылған. Мал басының көбейгені соншалық ірі қараның көбі ен-таңбасыз кеткен. Күндердің бірінде Аламанның көп жылқысы жоғалып, бір үйірін ел иемденіп, арты дауға айналып, арғысы Албанның, бергісі Алжанның билері жиналып, ен-таңбасыз кеткен малды кімнің малы екенін шешімін кесіп айта алмай тұрып қалады. Дәл осы кезде Тойын ана араласып, «Шешімін мен айтайын Аламанның жылқысы менің көз алдымда өскен. Жылқыны айдатып әкеліңіздер», – деп өтініш айтады. Айтқанындай, абыз ананың алдына торы төбел айғыры бар жылқы айдалып әкелінеді. Жылқыны айналып шыққан Тойын анамыз: «Мына торы төбел айғыр күрең айғырдың үйіріндегі артқы екі аяғы ала торы биенің баласы», – деп кесіп айтады. Мұны естіген қазылар мен билер «Сен оны қайдан шығардың? Оны қалай дәлелдейсің?» деп сенімсіздік танытқанда Тойын анамыз: «Қазір күрең айғырдың үйірін жақындатыңыздар, мен жігіттерге торы төбел айғырды жықтырып, бұрау салдырып, құлындатқан дауысын шығарғанда торы төбелдің қасына алаяқ торы бие келеді», – деп төрелік айтады. Айтқанындай, торы төбел айғырға бұрау салғанда шыңғырған дауысына шыдай алмай, күрең айғырдың үйіріндегі алаяқ торы бие жиналған адамдарды басып кете жаздап, баласының қасына жеткенде таңырқаған көпшілік Тойын ананың даналығына қайран қалады. Қазылар мен билер торы төбелдің үйірі Аламанның жылқысы екендігіне шүбәсіз куәлік береді. Дау осылай шешімін тапқан соң, Тойын анамыз торы төбелді тұрғызбастан, оқ-дәрі ерітетін сабы ұзын үш бұты бар еріткішті алдырып, отқа қыздырып, торы төбелдің жамбасына басып алады, сөйтеді де, Аламанның үш әйелінен тараған барлық балаларын жинап: «Құрметті балаларым, сендерді шақырған себебім, аналарың бөлек болғанымен, әкелерің бір Аламанның балаларысыңдар, сендер мына таңбаны көрдіңдер ме? Бұл – әрі таңба, әрі сендердің бірліктеріңнің белгісі. Таңбаның үш бұты Аламанның үш әйелінен тараған үш ұрпағы, ортасындағы қайнаған қорғасындай балқып, бір-бірлеріңмен қорғасындай бірігіп, ынтымақ берекелерің артып, астындағы оттай ыстық мейірлерің тасып, лаулап, қаулап, ормандай тұтасып, өсіп-өнулерің үшін ырымдап, осы ошақ таңбаны мал-жаныңа бастым», – деп өсиетін даналықпен білдірген екен. Абыз анамыздың арқасында Аламанның ошақ таңбасы осы күнге дейін ұрпақтан-ұрпаққа сақталып келе жатқаны – осындай тарихтың жемісі.
«Сұрасаң Аламанның Тойынымын,
Жылқыға үш бұт таңба салған менмін,
Қастасып қарсы келсең қара малға,
Алдыңды кесіп тастар өткір тілмін», – деген Тойын анамыз ел басына күн туған қиыншылық замандарда ел-жұртқа ұйытқы, өз алдына бір ауыл болып отырады екен. Аламан ата арыбері қатынасып тұрады, сонда жолшыбай жөн сұраған адамдарға «Тойынның ауылына бара жатырмын» деп жауап қатады екен. Осылайша, Тойын анадан өрбіген ұрпақ анасының атымен аталып, Тойын деп аталған шежірелік дәстүр осыдан қалыптасқан деседі. Аламан, Аламаннан Тойын деп аталудың негізгі себебі де – осы.
Бірде Аламан би Тойын анаға өзінің үш әйелінен тараған ұлдарын сынап бер дегенде Тойын ана: «Тектіден текті туады, тектілік тұқым қуады» деп бірауыз сөзбен жауап қатқан көрінеді. Аламан би Тойын анамыздың кемеңгерлігіне қайран қалып, батасын берген екен деседі тарихи деректерде.
Абыз анамыздың данышпандығы мен даралығы, тапқырлығы мен даналығы ел аузында айтылып қана қоймай, бүгінгі ұрпаққа жазбаша түрде де түрлі туындылар арқылы жетіп отыр. Соның бірі Жайна Нұрдостың «Көргені жақсы көш бастар» кітабында көрініс табады. Тойын анамыздың батырлығы мен батылдығын, ақиқатқа жақындығын айтар жинақта мағлұмат көп.
Жаугершілік заманның қайшыласқан қалың нөпір шайқасында, біздің елдің атақты бір батырының беліне улы жебе қадалып, екі өмірдің ортасында ажал аузында жанталасып жатады. Жаралы батырды ауылға жеткізіп, емші, көріпкелдерді алдырып, батырды аман алып қалу керектігін бұйырады. Көріпкелдер батырдың жанын сақтау үшін улы жебені қан шығармай өздігінен түсетіндей ету керектігін айтады. Ол үшін отағасынан басқа еркек кіндіктіге мүлдем жоламаған, тіпті, саусағының ұшын да ұстатпаған ары таза осы ауылдағы ақсамайлы аналар батырдың жебе қадалған белінен дұғасын айтып, үш рет аттаса, улы жебе өздігінен түсетіндігі сөз болады. Бұл амалды естіген би ауылдағы әйелдерге жарлық түсіріп, бір ортаға жинап, болған жағдайды жеткізеді. Барлық жиналған әйелдерден ешкім мен адалмын деп ортаға шыға алмай абдырап қалады. Тіпті, бидің өзі сенетін бәйбіше, тоқалдары бармақтарын тістеп, жерге қарайды. Бүкіл елдің әйелдерінің тағдыры талқыда тұрғанда ақ кимешегі желбіреп, ақ жүзінен нұр төгіліп, Тойын анамыз ортаға шығады. Ол көріпкелдің айтуы бойынша әуелі бір рет аттағанда улы жебе қозғалады, екінші аттағанда жебе біраз шығады, үшінші рет аттар алдында анамыз сәл кідіріп тұрып қалады да, көп ұзамай үшінші аттағанда жебе өздігінен түседі. Қарап тұрғандар ду етіп дүркіреп, риза болып, батасын береді. Батыр көзін ашады, маңдайынан қара тер сауғалайды. Жебенің орнын дәкемен таңып, ем-дом жасайды, батыр аман қалады. «Үшінші рет аттар алдында неге сәл кідіріп тұрып қалдыңыз?» деп Тойынның бір сенімді ақылшы сырласы сұрайды. Сонда Тойын анамыз: «Бір кездері көрші ауылдың серісі ауылға келгенде сыртынан көріп, мына жігіт не деген келбетті деп айтып қалғаным бар еді. Сол есіме түсіп, көңіліме сәл күдік түсіп, кедергі бола ма деген селкеу орнады», – деген екен. Міне, жарына адал Тойын анамыз етегін өз жарынан басқа жел екеш желге аштырмағаны осы оқиғадан көрініп тұр. Ел ішінде қамқорлығымен, даналығымен, тазалығымен танылған Тойын анамыз өз заманында да үлкен құрметтің, биік қадірдің иесі болған. Оның әулиелігі мен тапқырлығы жайында аңыз әңгімелер ауыздан-ауызға кең таралған. Ендігі кезекте сол шежірелерді қағаз бетіне түсіріп, асыл ананың өнегесін өскелең ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Ұрпағының түзу жолдан жаңылмауына, даулы жайттардың бітімгершілікпен шешім табуына да үлкен үлес қосқан. Рулы елдің бірлік-ынтымағын арттырып, іргелі жұрттың анасы болған Тойын анамыздың тарихын танып, оны қаз-қалпында кейінгі ұрпаққа қалдыру – біздің басты міндетіміз. Нұрғанат САҒАТҰЛЫетіп дүркіреп, риза болып, батасын береді. Батыр көзін ашады, маңдайынан қара тер сауғалайды. Жебенің орнын дәкемен таңып, ем-дом жасайды, батыр аман қалады. «Үшінші рет аттар алдында неге сәл кідіріп тұрып қалдыңыз?» деп Тойынның бір сенімді ақылшы сырласы сұрайды. Сонда Тойын анамыз: «Бір кездері көрші ауылдың серісі ауылға келгенде сыртынан көріп, мына жігіт не деген келбетті деп айтып қалғаным бар еді. Сол есіме түсіп, көңіліме сәл күдік түсіп, кедергі бола ма деген селкеу орнады», – деген екен. Міне, жарына адал Тойын анамыз етегін өз жарынан басқа жел екеш желге аштырмағаны осы оқиғадан көрініп тұр.
Ел ішінде қамқорлығымен, даналығымен, тазалығымен танылған Тойын анамыз өз заманында да үлкен құрметтің, биік қадірдің иесі болған. Оның әулиелігі мен тапқырлығы жайында аңыз әңгімелер ауыздан-ауызға кең таралған. Ендігі кезекте сол шежірелерді қағаз бетіне түсіріп, асыл ананың өнегесін өскелең ұрпаққа жеткізуге тиіспіз. Ұрпағының түзу жолдан жаңылмауына, даулы жайттардың бітімгершілікпен шешім табуына да үлкен үлес қосқан. Рулы елдің бірлік-ынтымағын арттырып, іргелі жұрттың анасы болған Тойын анамыздың тарихын танып, оны қаз-қалпында кейінгі ұрпаққа қалдыру – біздің басты міндетіміз.
Нұрғанат Сағатұлы