Әр халықтың өзіндік мәдениеті мен салт-дәстүрін айшықтайтын ерекше белгілерінің бірі –ұлттық киім. Ұлттық киім тек сыртқы көрінісі ғана емес, ол- сол ұлттың рухани болмысын ,дүниетанымын ,өмір салтын көрсететін құнды мұра.
Еңбекшіқазақ ауданы Мальбай ауылы «Мальбай» орта мектебінде Наурызнама онкүндігі аясында ұйымдастырылған 18-наурыз – ұлыттық киім күніне орай «Ұлттық киім – Ұлт мұрасы» атты этнофестиваль өтті.
Фестивальға Еңбекшіқазақ аудандық білім бөлімінің бас маманы Бөлекбаева Зарина, Мальбай ауылының тумасы «Мырза» брендінің негізін қалаушы, жас кәсіпкер Мырза Махамбет, Мальбай ауылынан шыққан кино жұлдыз Қалықов Айқын қонақта болды. Сонымен қатар, Мальбай мектебінің ардагер ұстазы, зейнеткер Энова Биға, Майлыбекова Раихан, ауылдың ақсақалдар мүшесі Құрманбаев Некебай, Малыбай батырдың ұрпақтары Жасымбеков Қанат, Бөбетаев Нұрбосын, Әділбек Қаба игі шараның ұйытқысы болып қатысты .
Фестивальға еңкейген кәріден еңбектеген балаға дейін ұлттық киім киіп келді. Отбасылық құндылықты дәріптеуді бала тәрбиесіне әкелердің белсенді араласуын қамтамасыз ету үшін әкелер клубы, ұрпаққа өнеге болып салт –дәстүрді сақтаушы тұлғалар ретінде әжелер клубы, баланың тұлға болып қалыптасуына ең маңызды рөлі атқаратын аналардың қоғамдағы рөлын арттру мақсатында аналар клубы , жеңгелер клубы болып жеке дара төрт топқа бөлініп әрқайсылары әдемілік пен сән –салтанаттың көрінісі болған арнайы киім үлгілерын көрсетті. Сонымен қатар, халқымыздың мәдениеті мен тарихының айнасы болған киіз басу, кесте тігу, қамшы өру ,ою-өрнек салу сынды өз қолдарымен жасаған қолөнерімізді көрсетіп рухани құндылықтарымызды болашақ ұрпаққа жеткізудің маңызын дәлелдеді. Одан басқа ,мектеп оқушылары ұлыттық болмысымыздың ерекше бір бөлігі болған Қазақтың ұлыттық билері Қаражорға ,Қамшы ,Қамажай билерын билеп ғана қоймай, Өзбек ,ұйғыр халқының билерін де билеп, сахнаның сәнін асырып, өнерлерін тағы бір қырынан көрсетті. Соңында, қонақтарды ашық алаң төрінде тігілген киіз үйдің төріне шығарып, ақ дастарқанға жайғастырды.