АИТВ инфекциясын жұқтыру қаупі жоғары топқа ер адамдармен жыныстық қатынасқа түсетін ер адамдар (ЕЖЕ), инемен есірткі тұтынушылар, секс жұмыскерлер және трансгендерлер кіреді.
Жалпы еліміз бойынша, соның ішінде, облыстық ЖИТС орталығы ЕЖЕ үшін профилактикалық бағдарламасын іске асыруда. Осы бағдарлама аясында аутрич-жұмыскер лер орталықтың медицина қызметкерлерімен бірлесіп, іс-шараларды қолға алады. АИТВ инфекциясының алдын алу үшін презервативтер, лубриканттар және ақпарат тық-білім беру құралдарын тегін таратады. Сонымен қатар мамандар әр клиентпен жеке әңгімелесіп, жыныстық жолмен берілетін инфекциялар жайлы түсіндірме жұмыстарын жүргізеді. Аутрич-жұмысқа ЕЖЕ немесе олармен жақын қарым-қатынастағы адамдар тартылады. Өйткені, олар сол ортаны жақсы біледі.
Облыстық ЖИТС орталығында бір жыл жымалы, 6 стационарлық сенім бекеті және жыныстық жолмен берілетін инфекцияларды диагностикалау, емдеу мен алдын алу үшін 2 достық кабинеті жұмыс істейді. Сондай-ақ, ЖИТС орталығы қызметкерлері мен аутрич-қызметкерлерінің бірлескен мобильді бригадасы жұмыс істейді. Аталған бригада бекітілген кестеге сәйкес халықтың негізгі топтары (ХНТ) орналасқан жерлерге жиі шығады. Аталған іс-шара негізгі топ өкілде рін АИТВ-ға тексеруге, инфекцияның алдын алатын препараттармен қамтуға бағытталған.
АИТВ инфекциясын алдын алудың негізгі қағидасы – салауатты өмір салты. Сондай-ақ, үгіт-насихат жұмыстарын кеңінен қамту маңыз ды рөл атқарады. Оған ХНТ арасында, тұрғын дар мен жастар арасында АИТВ инфекциясы туралы ақпараттар тарату, дәрістер жүргізу, акциялар өткізу, әлеуметтік желілерде бейне үзінді жариялау сынды кешенді жұмыстар кіреді.
2030 жылға қарай ЖИТС індетін тоқтату – басты міндеттердің бірі. Ол 2016 жылы Бас ассамблеяда бірауыздан қабылданды. Соған барынша күш салатын боламыз.
Л.ТАНАБАЕВА облыстық ЖИТС орталығы алдын алу жұмыстары бөлімінің дәрігер эпидемиологі