-13 °c
Qonaev
Saturday, July 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Құқық-заң

    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    31.01.2024
    in Құқық-заң, Парламент
    Парламент зорлық-зомбылық жазасын күшейтуді ұсынды

    Фото: orda.kz

    0
    SHARES
    21
    VIEWS

    Парламент Мәжілісінің қарауына «Кейбір заңнамалық актілерге әйелдердің құқықтары мен балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасы мен ілеспе құжат түсті. Алдағы уақытта депутаттар осы құжат жобасын талқылайды.

    «Бұл заң жобалары Мәжіліс депутаттарының бастамасымен әзірленді. Жоба Мемлекет басшысының отбасындағы зорлық-зомбылық үшін жауапкершілікті қатаңдату тапсырмасына толығымен сәйкес келеді. Заң жобасында тиісті негізгі нормаларды ұсынып отырмыз. Біріншіден, ұрып-соғуды және денсаулыққа жеңіл зиян келтіруді қазіргі әкімшілік жауапкершіліктен қылмыстық жауапкершілікке өзгерту және жазасын әлдеқайда қатаңдату ескерілген. Екіншіден, жәбірленушінің өтінішін күтпей-ақ зорлық-зомбылық туралы БАҚ немесе онлайн платформалардағы ақпарат негізінде тиісті шараларды қабылдау құқығын беру қарастырылған», – деді депутат Асхат Аймағамбетов Мәжілістің жалпы отырысында.

    Оның айтуынша, отбасында зорлық-зомбылық жасаған адамдардың агрессивті мінез-құлқын түзеу үшін сотқа психологиялық көмек көрсетуді міндеттеу уәкілеттілігін беру ұсынылып отыр.

    «Сонымен қатар, педофилдерді өмір бойы бас бостандығынан айыру туралы арнайы норма бар. Суицидты насихаттағаны немесе оған итермелегені үшін қылмыстық жауапкершілік енгізу ескерілген. Бұған қоса, балаларға арналған интернаттық ұйымдарды алдын-ала ескертпей-ақ, кез келген уақытта тексеру және басқа да маңызды нормалар ұсынылды. Аталған заң жобасы бойынша Мәжілістің әлеуметтік-мәдени даму комитеті қорытынды әзірлеуге дайын», – деді Мәжіліс депутаты.

    Ұсынымдар

    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    «АЯУЛЫ АНА» АТТЫ РЕСПУБЛИКАЛЫҚ БАЙҚАУЫНЫҢ АҚПАРАТТЫҚ ХАТЫ

    5 months ago
    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    Тасқын болған аймақтарда қалпына келтіру жұмыстары басталады

    1 year ago
    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    Ғылым мен технологиядағы тың серпін

    3 months ago
    Аймақ әлеуеті зор

    Аймақ әлеуеті зор

    4 weeks ago
    Елімді көркейтуге атсалысамын

    Елімді көркейтуге атсалысамын

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>