-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Өңір тынысы

    Тұрғындар турасын айтты

    15.01.2024
    in Өңір тынысы
    Ұйғыр ауданының атауын өзгертуге қатысты түсінік берді

    Фото: bainews.kz

    0
    SHARES
    5
    VIEWS

    Парламент Мәжілісінің депутаттары Жанарбек Әшімжан мен Максим Рожин Қарадала өңіріне келіп, халықтың жай-күйімен танысып қайтты.
    Ең алдымен халық қалаулылары Шонжы ауылындағы өрт сөндіру қызметкерлерімен кездесті. Тілсіз жаумен күресіп, өмірлерін қатер мен қауіпке тігетін бұл мамандық иелері қандай құрметке болса да лайық. Талай жалыннан адамдарды аман сақтап, қызметін мінсіз атқарып жүрген ерлер аз емес.

    Өрт сөндірушілердің қауіпсіздігі мен құрал-саймандарының талапқа сай болмауы орны толмас олқылықтарға әкеліп жатады. Осындай келеңсіздіктер болмас үшін әрбір өрт сөндіруші өзіне жүктелген міндетін ғана біліп қоймай, қауіпсіздігін де сақтауы тиіс. Осы мақсатта мәжілісмендер өрт сөндіру қызметкерлерінің қолда бар техникаларын көріп, кемшіліктерін тиісті орындарға жеткізіп, ұсыныстары мен пікірлерін міндетті түрде ескеретіндерін айтты.
    Бұдан кейін Жанарбек Садықанұлы мен Максим Рожин Ұйғыр ауданында орналасқан Райымбек ауданы бойынша шекара басқармасына барды. Әскери қызметшілермен кездесіп, ой-пікірлерін тыңдады. Жалақы мәселесі, әскери техникалар жайы сөз болды.

    Шекарашы сарбаздармен жүздесуден соң халық қалаулылары Шонжы ауылындағы әл-Фараби атындағы аудандық кітапханада қоғамдық қабылдау өткізді. Оған аудандық мәслихат депутаттары, қоғамдық кеңес мүшелері, шаруа қожалығының төрағалары мен аудан тұрғындары қатысты.

    Жиналған көпшілік өңірдегі өзекті мәселелерді депутаттар алдына жайып салды. Шонжы – Көкпек, Шонжы – Көктал арасындағы жолдардың жылдар бойы жөндеу көрмегенін, аудан орталығындағы көппәтерлі үйлердің 5 жылдан бері газға қосылмай, сағызша созылып келе жатқандығын жеткізді. Мектептердегі асхана қызметін кез келген адам конкурста ұтып алатынын, қадағалаудың төмендігінен тағам сапасының талапқа сай еместігін, сонымен қатар құрылысы бітпей жатып құлап қалған спорт кешенінің әлі күнге дейін аяқталмағанын ашып айтты.

    Мәслихат депутаттары тарапынан міндетті әлеуметтік сақтандыру саласында болып жатқан келеңсіздіктер мен түсініспеушіліктер тілге тиек болды. «Министр Бағдат Мусин мырзаның интернет сапасы бойынша Токионы артқа қалдырдық дегенін қайдам, ауылдар әлі күнге сапалы интернетке қол жеткізе алмай отыр» деген уәждер де қалыс қалған жоқ Мектептегі кіші қызметкерлер жалақысының төмендігі, мемлекеттік сатып алудағы сорақылықтар, сапасыз жасалған жол мен су құбырлары, шаруалардың ала жаздай өсірген жүгерісінің өтпей қалғаны және тағы басқа өзекті мәселелер қаузалды.

    Депуттармен кездесуде жергілікті басылымдардың жекенің қолына өтіп, «халықтың көзі, құлағы һәм тілі» болып жүрген газеттердің мүшкіл халге түскені ашып айтылды. Ал шаруалар болса бір түйір жер ала алмай сабылып, жер комиссиясының түсініксіз әрекеттерінен жабығып жүргендерін жасырмады.
    Мәжіліс депутаттары аудан тұрғындары тарапынан айтылған ұсыныс-пікірлер ескеріліп, осыған қатысты тиісті мекемелерге сауал жолданатынын жеткізді.

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    «Құрақ көрпе»

    Мәліметтер сөйлегенде…

    1 month ago
    Фильм, основанный на жизни писателя

    Фильм, основанный на жизни писателя

    9 months ago
    Мықты қазақ

    Мықты қазақ

    1 year ago
    Шаруашылығы шалқыған

    Шаруашылығы шалқыған

    4 months ago
    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    Президент Бердібек Сапарбаевтың отбасына көңіл айту жеделхатын жолдады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.