-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Мәдениет

    Ұшқан ұя ұлағаты

    17.02.2024
    in Мәдениет, Өңір тынысы, Руханият
    Ұшқан ұя ұлағаты
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Кеген ауданы Шырғанақ ауылындағы Іңкәрбек Жұмағұлов атындағы орта мектепте «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген тақырыпта дәстүрлі әнші, ҚР Мәдениет саласының үздігі, Қазақ ұлттық консерваториясының аға оқытушысы Тілеулес Құрманғалиевтің ата-анасымен кездесу кеші өтті.

    Ән өнеріндегі Арқа мектебінің өкілі, Қайрат Байбосынов және Ержан Қосбармақов сынды дүлдүлдердің шәкірті Тілеулес Құрманғалиевтің қолына домбыра ұстап, қазақ әнін әуелетіп келе жатқанына да біршама уақыт болды. Кезінде «Серпер» тобында ән айтып, кейіннен жеке шығармашылығына ден қойған өнер иесі бүгінде ел арасында ұмыт бола бастаған бірқатар халық әндерін қайта жаңғыртуға үлес қосуда. Сонымен қатар ұлттық музыкалық мұрамызды ғылыми тұрғыда талдапзерттеу ісінде де өз қолтаңбасын айқындап, консерватория қабырғасында шәкірттер тәрбиелеп жүр.

    Шараға мектеп оқушылары мен ұстаздар, «Әжелер» ансамблінің мүшелері қатысты. Кешті Шырғанақ ауылдың аналар кеңесінің төрағасы Роза Батырханова ашып, әншінің өмір жолына қысқаша шолу жасады.
    Тілеулес Құралбайұлы 1977 жылы Шырғанақ ауылында туған. 1995-1998 жылдары Жүсіпбек Елебеков атындағы эстрада-цирк колледжінде оқыды. 1998-2002 жылдары Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясын тәмамдады. Жетісу ән-жыр мектебінің өкілдері – Көдек Байшығанұлы, Албан Асан, Құланаян Құлмамбет, Бөлтірік Атыханұлы, Шарғын Алғазыұлы, Күлай Бектайқызы сияқты халық ақындары мен композиторларының мұраларын жарыққа шығарушы, насихаттаушы. Құрманғазы атындағы Қазақ ұлттық консерваториясы халық әні кафедрасының ұстазы.

    Кеште Тілеулестің әкесі Құралбай Құрманғалиев пен анасы Мәрия ұлдарының кішкентай күнінде бесікті аяғымен тербетіп, қолымен домбырасын тартып отыратындығын, Тұрымхан апасының домбырашы, әнші болғанын айтып, қызықты әңгімелерімен бөлісті. Ұстаздары мен көршілері әншінің мектеп қабырғасындағы кездерін сөз етті.

    Тілеулеске өнер Тұрымхан апасынан дарыса, әкесі Құралбай мен анасы Мәрия адамгершілік қасиетті бойына сіңірген. Осындай ортадан шыққан дарабоз ұл тек әнмен шектелмей, бірнеше жинақтың авторы атанған. Қазақ халқының ескіріп, ұмыт бола бастаған әндерін «Жетісу әуендері», «Терме, толғаулар» атты кітаптарына енгізген. Сонымен қатар киелі аспап – домбыра жасаумен айналысады. Зайыбы Қарлығаш екеуі – төрт ұлды дүниеге әкеліп, өсіріп отырған бақытты отбасы.
    – Көптен көкейде жүрген ойымды жүзеге асыруға көмектескен, шағын концерт ұйымдастырып, мүмкіндік жасап берген мектеп ұжымына алғысым шексіз! Тілеулес ұлымызға бұдан да биік белестерді бағындыруын тілеймін! – деген Роза Батырханова көпшілікке ризашылығын білдірді.

    Шара соңы концерттік бағдарламаға ұласты.

    Дәурен Әбутәліпов,
    Кеген ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

    Алматы облысында 375 санкцияланбаған қоқыс үйінділері анықталды

    1 year ago
    Маңызды міндет жүктелді

    Маңызды міндет жүктелді

    5 months ago
    Шахматтан Азия чемпионатына Алматы облысынан екі оқушы қатысып жатыр

    Шахматтан Азия чемпионатына Алматы облысынан екі оқушы қатысып жатыр

    2 years ago
    Түлектер тағылымы

    Түлектер тағылымы

    2 months ago
    Жаңа құрам сайланады

    Жаңа құрам сайланады

    5 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>