Перейти к содержимому
Главная страница » Жаңа құрам сайланады

Жаңа құрам сайланады

      Өткен жылдың желтоқсанынан биылғы ақпан айына дейін еліміздің барлық өңірінде «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының аймақтық кеңестеріне сайлау өткізіледі. Бұл кеңестердің маңызы мен миссиясы, дауыс беру қалай өтетіні туралы облыстық кәсіпкерлер палатасының салалық даму және жобаларды сүйемелдеу бөлімінің жетекшісі, Қарасай аудандық мәслихатының депутаты Елена Константиновадан сұраған едік.

Оның айтуынша, кандидат­тардан құжаттарды қабылдау 2024 жылдың 30 желтоқсанында аяқталған. Олардың қатарында салалық және аудандық кеңес­тердің мүшелері бар. Әрбір салалық кеңестен бір немесе екі кандидат ұсынылмақшы. Қарасай ауданы бойынша «Алматыгазсервис-Холдинг» АҚ директорлар кеңесінің төрағасы Василий Тен мен «Atlant Media» ЖШС директоры Атлана Исаева үміткерлер қатарында. Екеуі де – Қарасай аудандық мәслихатының депутаттары. Сонымен қатар аймақтық кеңеске аккредиттел­ген қауымдастықтардан бір-бір кандидат сайланады.
Елена Владимировна атап өткендей, облыстық кәсіпкерлер палатасында тоғыз салалық кеңес жұмыс істейді, олардың әрқайсысы өз бағытындағы кәсіпкерлердің мүдделерін қорғайды және саны дәл осындай аудандық кеңестер жұмыс істейді. Әрбір салалық кеңес кемінде 13 мүшеден тұрады. Олардың басты міндеті – жергілікті атқарушы органдармен тиімді өзара іс-қимыл жасау, бизнестің құқықтарын қорғау және басқа да мәселелерді шешу. Әдетте, олардың құрамында бастамашыл және әлеуметтік жауапты кәсіпкерлер болады.
– Аймақтық кеңес – бұл кәсіп­керлер палатасы жанындағы бақылаушы орган, – деп түсіндірді Елена Владимировна. – Ол төрт жылға сайланады. Оның мүшелері палатаның жұмыс жоспарын әзірлеуге қатысады, басшылардың есептерін тыңдайды, кәсіп­керлердің республикалық дең­гейдегі мәселелерін шешу ұсыныстарын қабылдайды. Бұл, түптеп келгенде, әр аймақтың ерекшеліктері мен қажеттіліктерін ескеруге көмектеседі.
Ол, сондай-ақ, кандидаттарды тікелей дауыс беру арқылы таңдайтынын, оған аудандық, салалық кеңестердің мүшелері болып табылатын кәсіпкерлер қатыса алатынын айтты. Сайлау науқанын өткізу процесін арнайы құрылған аймақтық сайлау комис­сиясы бақылап отырады.
Елена Владимировнаның пікірінше, кәсіпкерлер палата­сының аймақтық кеңестерін сайлау арқылы бизнесті жақсарту көзделуде. Бұл аймақтық дең­гейдегі тиімді жұмысты қам­та­­масыз етіп қана қоймай, кәсіп­­керлер мен мемлекеттік орган­дардың өзара іс-қимылын күшейтеді.

Қуат ҚАЙРАНБАЕВ

Қарасай ауданы