-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әскери қызмет жаңарады

    10.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Қауіпсіздік, Қорғаныс
    Әскери қызмет жаңарады

    Фото: aqmeshit-zhastary.kz

    0
    SHARES
    18
    VIEWS

    Мәжілісте жаңа заң жобасы қаралуда. Ол жоба бойынша әскери қызметтің жаңа түрі – резервтегі қызметті енгізу ұсынылып отыр. «Резервтегі қызмет мәселелері жөніндегі ҚР кейбір заң актілеріне өзгертулер мен толықтырулар енгізу туралы» Заң жобасы төмендегідей нормаларды қарастыратын болады.

    Тізбектей айтатын болсақ, олардың қатарында резервтегі әскери қызметке түсетін тұлғаға резервтегі әскери қызметтен өтуші әскери қызметкер (әскери резервші) мәртебесін беру; резервтегі әскери қызметке іріктеу мен қабылдау механизмін жасау; әскери резервшінің құқықтары мен міндеттері; резервтегі әскери қызметтен өту тәртібі; әскери резервшілерді әлеуметтік тұрғыдан және азық-түлік үлесінің барлық түрімен қамтамасыз ету; резервтегі қызметтен босату бар.

    Қорғаныс министрлігінің айтуынша, резервтегі қызмет – Қазақстан үшін жаңа қызмет түрі және оны 2025 жылдан бастап қалыптастыру көзделіп отыр. Дәл осы сияқты Резервтегі қызмет туралы заң АҚШ, Ұлыбритания, Франция, Италия, Ресей, Беларусь және Украина елдерінде қабылданған.

    Қорғаныс ведомствосының басшылығы қазақстандықтар үшін резервтегі қызметке келісімшарт бойынша қаражат төленетін болады деп хабарлады. Резервтік қызметті құрудағы мақсат – әскери бөлімдерді дайындалған маман дармен қамту және әскери іс-қимылдарға әзір резервтік күштерді құру.

    Қорғаныс министрлігінің өкілдері: «Аталған заң жобасын жүзеге асыру азаматтардың резервтегі әскери қызметтерін тұрғылықты жеріне жақын орналасқан әскери бөлімдерде өтеуге мүмкіндік береді. Әскери резервшілермен келісімшарт ерікті түрде үш жылға жасалады. Резервшілерді дайындау, 30 күндік жиындар мен ай сайынғы 2-3 күндік сабақтарды қоса есептегенде, жылына 2 айдан аспайтын мерзімде өткізіледі», – деп атап көрсетті. Сондай-ақ, министрліктің мәлімдеуінше, әскери резервшілерге ай сайын ең төменгі жалақы, ал жиындар кезінде орташа айлық еңбекақы төлеу жоспарланып отыр. Сонымен қатар, резервшілердің қызмет өтеу кезінде жұмыс орындары мен лауазымдары сақталатын болады. Қорғаныс министрлігінің басшылығы: «Бұл Заңның қабылдануы белгілі бір дәрежеде мынадай жағымды әлеуметтік әсер береді: резервтегі әскери қызметке қабылданған азаматтардың табыстары ұлғаяды, мемлекет көмегіне мұқтаждық деңгейі төмендейді, халықтың мемлекет пен Қарулы Күштерге д е г е н сенімі артады, әскери резервшілер қазақстандық патриотизм рухында тәрбиеленетін болады. Резервтегі әскери қызметтің енгізілуі Қарулы Күштердің санын көбейтпей-ақ алға қойылған міндеттерді орындауға әзір азаматтардың белгілі бір санын дайындауға мүмкіндік береді», – деп мәлімдеді.

    Жоспар бойынша, алғашқы сатыда еліміз бойынша 2 мыңға жуық азамат резервке шақырылмақшы. Оларды қамтамасыз етуге 3 миллиард теңгеге жуық қаражат қажет. Қорғаныс министрлігі бұл қаржы 2025 жылға арналған республикалық бюджетке енгізілгенін айтып өтті.

    Естеріңізге сала кетейік, ҚР «Әскери қызмет және әскери қызметкерлердің мәртебесі туралы» Заңына сәйкес, Қазақстандағы әскери қызмет құрамына шақыру бойынша әскери қызмет, келісімшарт бойынша әскери қызмет кіреді. Шақыру бойынша атқарылатын әскери қызмет құрамына қатардағы және сержанттық құрамдағы шұғыл әскери қызмет; осы Заңның 32-бабына сәйкес шақырылған офицерлердің әскери қызметі, жұмылдыру, соғыс жағдайында, соғыс кезінде және жауынгерлік жиындар өту кезіндегі әскери қызмет кіреді. Келісімшарт бойынша атқарылатын әскери қызметке қатардағы жауынгер, сержант және офицерлік құрамдағы әскери лауазымдарда келісімшарт бойынша қызмет атқарып жүрген жауынгерлердің әскери қызметі; әскери оқу мекемелеріндегі кадеттерді, курсанттарды, адъюнктерді, магистранттар мен докторанттарды, әскери интерндердің әскери қызметі мен білім алуы жатқызылған.

    Бейбіт Төлегенұлы

    Ұсынымдар

    Жалған сөз жарға жығады

    Жалған сөз жарға жығады

    1 month ago
    Еңбегі ел есінде

    Еңбегі ел есінде

    5 months ago
    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады

    Қонаевта жолаушы тасымалдайтын автобус саны артады

    2 years ago
    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    Ауыл әкімі сайлауына үміткерлер тіркелді

    1 year ago
    Мереке мереймен көмкерілді

    Мереке мереймен көмкерілді

    12 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.