Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді

Алматы облысында командалық-штабтық оқу-жаттығу өткізілді

ҚР ҰҚК Алматы облысы бойынша департаментінің ТҚО бөлімінің үйлестіруімен ақпанның 23-і күні Алматы облыстық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы командалық-штабтық оқу жаттығуын өткізді.

Теориялық оқу-жаттығуы барысында мемлекеттік органдардың терроризм актісі бола қалған жағдайдағы іс-әрекеті пысықталды. Оқу-жаттығудың соңында мемлекеттік органдардың терроризмге қарсы операция жүргізу тәртібін регламенттейтін нормативтік-құқықтық актілерді білу деңгейін тексеру мақсатында қатысушылар тест тапсырып, оң нәтиже көрсетті.

Жаттығу барысында құқық қорғау органдарының қызметкерлері өздерінің сұрақтарына жауап алып, командалық-штабтық оқу жаттығуының біліктілікті арттыруға оң әсер беретініне сенім білдірді.