Әлеуметтік желілердегі «табысты әйелдер» мен «жетістік тренері» кейпіндегі алаяқтар қарапайым халықтың соңғы тиынын жылыстатып жатыр. Қаржы пирамидалары — бұл бизнестегі сәттілік емес, қарапайым алдау механикасы. Басында бірнеше адамға пайыз төлеп сендіреді де, соңында бүкіл ақшамен жоқ болады. Егер бір жерде «еңбексіз тез ақша табу» ұсынылса, ол жерде міндетті түрде алдау жатқанын ұмытпаңыз. Жеңіл табыс — қымбатқа түсетін қателік.
ҚҰРАЛБЕК СӘБИТОВ

