-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлескен іс нәтижелі

    15.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Кәсіпкерлік, Өңір тынысы, Экономика
    Бірлескен іс нәтижелі
    0
    SHARES
    24
    VIEWS

    Облыс әкімі Марат Сұлтанғазиев пен Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаевтың қатысуымен Алматы агломерациясы жергілікті кеңесінің отырысы өтті.

    Алматы облысының әкімі өз сөзінде Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаевтың тапсырмасын орындау мақсатында Алматы агломерациясын дамыту жоспарында 130 іс-шара көзделгенін, оның 77-сін Алматы облысы жүзеге асыруы тиіс екенін, алғашқы 34 шараны он негізгі бағыт бойынша іске асыру жоспарланып жатқанын, оған 454, 9 млрд теңге қаржы жұмсалатынын жеткізді. Бұл ретте республикалық және жергілікті бюджеттерден қаражат қарастырылатынын, алайда жеке бизнес инвестицияларын тарту да маңызды рөл атқаратынын атап өтті.

    Мұндағы негізгі бағыттардың бірі – кәсіпорындарды Алматыдан облыс аумағына көшіру. Бұл ретте облыс әкімі:
    – Алматы қаласындағы кәсіпкерлерге облыс аумағына көшуде барлық жағдайлар жасалады. Облыста «Қайрат» индустриалды аймағы кеңейтіліп, «Қазыбек бек» және «Шелек» жаңа индустриалды аймақтары құрылды, – деді.

    Алматы қаласының әкімі Ерболат Досаев жаңа орында жұмыс істегісі келетін кәсіпорындарды қаржылай қолдау мәселесін бірлесіп шешуді ұсынды. Бұл ретте елдегі жұмыс істеп тұрған қаржы институттарының көмегіне жүгінуге болатынын айтты. Қалада жаңа автобус бағыттарының ашылуымен «Солтүстік» көлік-трансплантациялау торабын құру жоспарланып отырғанын да тілге тиек етті. Коммуналдық қызмет көрсету мен энергетика жүйесін жаңғырту үшін де бірлесе әрекет ету маңызды екеніне тоқталды.

    Жиын барысында сөз алған облыс әкімінің орынбасары Нұржан Құдайбергенов Алматы қаласының Бас жоспарымен үйлестіре отырып, қала маңындағы аумақтың қала құрылысы кешенді схемасы жаңартылғанын, Үлкен Алматы айналма автомобиль жолы, «Алматы – Қонаев», «Батыс Еуропа – Батыс Қытай» автомобиль жолдарын егжей-тегжейлі жоспарлау жобалары жүзеге асып жатқанын айта кетті.
    Агломерацияны дамытуды талқылау барысында бірқатар күрделі мәселе де қозғалды. Оларды шешу мақсатында екі өңір де жұмыс істеуде. Ол – көліктіклогистикалық орталықтарды дамыту, сумен қамту және су бұру жүйелерін жақсарту, қатты тұрмыстық қалдықтарды өңдеу мәселесі.
    Кеңесте бірінші кезекте жүзеге асырылатын жобалардың тізімін жасау туралы шешім қабылданды. Сондай-ақ, жеке капиталды тарта отырып, шағын өнеркәсіптік парктер мен қосымша индустриялық аймақтарды салу қажеттігі сөз етілді.

    Облыс пен қала басшылары қойылған міндеттерді орындауда бірлескен жұмыстың нәтиже беретінін атап өтті. Агломерацияны одан әрі табысты өркендету үшін жаңадан құрылған Алатау қаласы мен экономикалық аймақтарды дамытудың маңыздылығы да айтылды. Барлық қойылған міндеттерді жүзеге асыруда екі өңір іскерлік байланысты нығайтып, инфрақұрылымды дамытып, әлеуметтік маңызды мәселелерді бірлесе шешіп, халықтың жайлы өмір сүруі үшін қолайлы жағдай жасамақ.

    Алма Есенбай

    Ұсынымдар

    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері

    Қалай сұхбат алу керек: кәсіби журналистердің кеңестері

    2 years ago
    Қазақстанға Ресей президенті келді

    Қазақстанға Ресей президенті келді

    2 years ago
    Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек жолдады

    Тасқыннан зардап шеккен аймақтарға көмек жолдады

    1 year ago
    Маймыл шешегі қалай жұғады – дәрігер жауабы

    Президент Олимпиадаға қатысқан спортшылар мен бапкерлерді марапаттады

    9 months ago
    Заңбұзушылыққа жол жоқ

    Заңбұзушылыққа жол жоқ

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.