-13 °c
Qonaev
Monday, June 23, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Энергетика

    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    07.02.2024
    in Энергетика
    Электр желісіне қосылу үшін техникалық шарттарды алу

    Фото: aikyn.kz

    0
    SHARES
    31
    VIEWS

    Энергия өндiрушi, энергия берушi, энергиямен қамтушы ұйымдар мен электр энергиясының көтерме және бөлшек нарықтағы тұтынушылары арасында туындайтын қарым-қатынастар Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексiмен және Қазақстан Республикасының электр энергетикасы саласындағы заңнамамен реттеледi.
    2015 жылғы 25 ақпандағы №143 ҚР Энергетика министрiнiң бұйрығымен бекiтiлген Электр энергиясын пайдалану қағидаларының 3-қосымшасына сәйкес, электр желiлерiне қосылу үшiн еркiн нысандағы өтiнiш пен сауалнаманың негiзiнде тұтынушыларға электр желiлерiне қосылуға арналған техникалық шарттар берiледi. Жаңадан қосылған немесе қалпына келтiруге болатын электр қондырғыларына энергия өндiрушi немесе энергия берушi ұйымдар техникалық шартты тұтынушыдан өтiнiштi алған сәттен бастап 5 жұмыс күнi iшiнде ұсынады. Сонымен бiрге ҚР Энергетика министрiнiң 2021 жылғы 22 қазандағы № 325 бұйрығымен бекiтiлген қағидаларға түзетулер енгiзiлуiне байланысты энергетикалық кәсiпорындар техникалық шартпен бiрге тұтынушыларға электр желiлерiнiң балансы шекарасын анықтау мен тараптардың қол қойған пайдалану жауапкершiлiгi актiсiн қосылу схемасымен қоса бередi. Құрылыс мерзiмiнде салынып жатқан объектiлердi электрмен қамту үшiн тұтынушылармен уақытша техникалық шарт жасалады.
    Техникалық шарттарды беру энергиямен қамтушы ұйымның электр желiлерiне немесе энергия өндiрушi ұйымның электр қондырғыларына қосылудың техникалық мүмкiндiгi болған жағдайда ғана жүзеге асырылады. Техникалық шарттарды беру және қайта ресiмдеу үшiн ақы алынбайды. Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптармен келiспеген жағдайда тұтынушы тәуелсiз энергетикалық талдау жүргiзу үшiн сараптама ұйымымен байланыса алады. Аталған қағиданың 18-тармағына сәйкес, техникалық шарттарда көрсетiлген талаптардың негiзсiз екені туралы энергетикалық сараптаманың қорытындысы бойынша тұтынушы энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымға еркiн нысандағы өтiнiштi қайта жiберуге құқығы бар.
    Техникалық шарттарда көрсетiлген талаптарды өзгертуден екiншi рет бас тартқан жағдайда тұтынушы Қазақстан Республикасының азаматтық заңнамасында белгiленген тәртiппен энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйымның әрекеттерiне шағымданады. Тұтынушылардың электр желiлерiне қосылуды жоспарлап отырған қосалқы тұтынушылар техникалық шарттарды электр желiлерiнiң иелерiнен алады және оларды тұтынушыға техникалық шарттар берген энергия берушi (энергия өндiрушi) ұйыммен келiседi. Тұтынушымен (электр желiлерiнiң иелерiмен) келiсiм бойынша энергия тұтынушы немесе энергия өндiрушi ұйым қосалқы тұтынушыларға техникалық шарттар беруге рұқсат етедi.

    Е.Нармуратов, ҚР Энергетика министрлігі
    Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің
    Алматы облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы

    Ұсынымдар

    Солтүстік өңірлерге көшудің жай-жапсары баяндалып, ұтымды тұстары айтылды

    Солтүстік өңірлерге көшудің жай-жапсары баяндалып, ұтымды тұстары айтылды

    2 years ago
    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    Ғасыр шежіресі. Шалкөде мектебінің 100 жылдық мерейтойы қалай өтті?

    2 years ago
    Көне Отырар жәдігерлері Есік музейінде

    Көне Отырар жәдігерлері Есік музейінде

    2 years ago
    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    Үкімет: Жанармайдың қымбаттауы азық-түлік бағасына айтарлықтай әсер етпейді

    2 years ago
    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    Бюджет қаржысын бақылау балабақшадан басталады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.