-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Ауыл тынысы

    Еңбек етсең ерінбей…

    06.02.2024
    in Ауыл тынысы, Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Кәсіпкерлік
    Еңбек етсең ерінбей…
    0
    SHARES
    9
    VIEWS

    «Алма піс, аузыма түс» деп емес, табан ақы, маңдай термен нәпәқасын тауып жүрген жастардың талабы мен еңбекқорлығына риза боласың. Олардың қай ісін болса да елге үлгі етуге тұрарлық. Ұйғыр ауданы Ават ауылының тұрғыны Куясжан Кебиров сондай жан. Мемлекетке алақан жаймай, жұмысым жоқ деп қалқада қалмай, тынымсыз тіршілік етіп, ісінің нәтижесін көріп жатқан жайы бар.

    Куясжан ауылда не қажет, қандай іс өтімді деген сұрақпен көп ізденді. Алдымен дәнекерлеу ісін меңгерді. Одан соң көліктің майын ауыстыру жұмысын қолға алды. 2020 жылы Ават ауылында май ауыстыратын орын салуды бастады. Әрине, қомақты қаражат болмаған соң істің бірден өне қоймасы анық. Кәсібін ашсам деген ниетпен төмен пайызбен несие алуға тырысып көрді. Бірақ онысынан еш нәтиже шықпады. Сөйтіп не керек, тапқан қаражатымен біртіндеп май ауыстыру орнының құрылысын жүргізе бастады. Басталған іс өткен жылы толықтай аяқталды.
    Бұл жұмыстарға 7-8 миллион теңге кеткен. Енді арнайы құрылғылар сатып алу керек. Оған да қаражат керек. Куясжан бел шеше кіріскен ісін аяқсыз қалдырмайтынын жеткізді. Бүгінде бір ауылдың темір-терсегін, қажетті дүниелерін дәнекерлеп, қақпаларын тапсырыс бойынша жасап, көлік дискілерін жамап ауыл тұрғындарының қажетін өтеуде.

    Ават ауылының әкімі Равиль Анадуллаев Куясжанның тек қана еңбекқор ғана емес, жағдайы төмен отбасыларға, өзінен кейінгі жастарға көмек қолын созатын қайырымды жан екенін тілге тиек етті.
    Үйдегі ата-анасына қолғабыс етіп, қала кезіп қаңғымай, дала безіп, құмар ойынға салынбай, тірнектеп тіршілік етіп, өз ісін алға бастырып, мақсатына жетіп, биіктерді көздеген Куясжанның әр ісі ауыл азаматтарының көз алдында. Қай-қайсымен сөйлесе қалсаңыз да Куясжанның талабы мен ізденісіне тәнті.
    Оның өз ісіне деген жауапкерлшілігі де қуантады. Жұмысқа жүрдім- бардым қарамай, жан-тәнімен кіріседі. Жас жігіт адал еңбектің арқасында арманына жететініне сенімді

    Анар Дүйсенбайқызы,
    Ұйғыр ауданы

    Ұсынымдар

    Қарасай ауданының тұрғындары газ бағасы қымбаттағанына наразы

    Табиғи газды пайдаланудағы қауіпсіздік шараларын білеміз бе?

    2 months ago
    Қонаев қаласының кәріз жүйелерін жаңартуға 10 млрд теңге бөлінді

    Қонаев қаласының кәріз жүйелерін жаңартуға 10 млрд теңге бөлінді

    2 years ago
    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    Мәжіліс ЖИ туралы заң жобасын мақұлдады

    5 days ago
    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    Бақытжан Атагелдиев: Алыптар өнегесі арманыма жол ашты

    10 months ago
    Кәсіпкерлікке кең өріс

    Кәсіпкерлікке кең өріс

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.