-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Қаламгер кабинеті ашылды

    27.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Руханият
    Қаламгер кабинеті ашылды
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Жамбыл ауданы Қарғалы ауылындағы №4 орта мектебінде белгілі жазушы, қоғам қайраткері, облыстың Құрметті азаматы Нағашыбек Қапалбекұлының «Миллионер» атты жаңа кітабының тұсауы кесіліп, конференц-кабинеті ашылды. «Жазушы тағылымы» атты кездесуде қаламгер жастарға тәрбиелік мәні зор әңгіме айтты.

    Нағашыбек Қапалбекұлы – Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, академик-профессор, халықаралық «Түрксой» ұйымының, халықаралық «Алаш», Жамбыл атындағы сыйлықтарының иегері. Еңбек жолын Жамбыл аудандық «Екпінді еңбек» газетінде тілші болып бастап, жауапты хатшы, редактордың орынбасары, бас редакторы, халықаралық «Жамбыл» қорының бас директоры, Жазушылар одағының Алматы облыстық филиал басшысы, республикалық кітап музейінің директоры қызметтерін абыроймен атқарған. 53 кітаптың және көптеген ғылыми еңбектердің авторы, бірнеше кітап құрастырған қарымды қаламгер.
    Аталған шарада алдымен «Нағашыбек Қапалбекұлы атындағы конференц-кабинеттің» лентасы қиылды. Кабинет қаламгердің жеке қаражатына ыждағатпен жабдықталыпты. Мұнда шығармашылығынан сыр шертетін баспа өнімдері молынан жинақталған. Осы уақытқа дейін жарыққа шыққан том-том кітаптарымен қатар әр жылдардағы фотосуреттер, туындысы терілген жазу машинкасы сияқты дүниелер ретімен орналастырылған. Қанатты сөздері қабырғада үлкен әріппен көрнекті айшықталған. Ортада мәжіліс құруға ыңғайластырылған үстел мен жағалай орындықтар қойылған. Тұтас бір бөлменің бұлайша жабдықталуы оқушыларға рухани мол азық береді. Сөредегі кітаптардан туған жерге ту тіккен баһадүр батырлар мен ақиық ақындар туралы біліп, өлкетану жайлы құнды деректерді де табуға болады.

    Қаламгер кабинетін аралап көрген соң көпшілік мектептің үлкен мәжіліс залына «Жазушы тағылымы» атты кешке жиналды. Сахнада Нағашыбек Қапалбекұлының «Миллионер» атты жаңа кітабының салтанатты тұсаукесер рәсімі жасалды. Повестері мен әңгімелері топтастырылған аталған жинақ облыстық әкімдіктің қолдауымен жарыққа шыққан.

    Әдеби кеште Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының бірінші орынбасары Нұржан Қуантайұлы, Ұлттық Ғылым академиясының академигі Хангелді Әбжанов, ҚР Мәдениет қайраткері, облыстың және ауданның Құрметті азаматы Күмісжан Байжан, республикалық «Ана тілі» газетінің бас редакторы Ерлан Жүніс, Ұлттық Ғылым академиясының академигі, әл-Фараби атындағы Қазақ Ұлттық университетінің кафедра меңгерушісі, тарих ғылымдарының докторы, профессор Берекет Кәрібаев пен аталған университет профессоры, филология ғылымдарының докторы Қансейіт Әбдезұлы, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Тахир Балықбаев, Абай атындағы Қазақ Ұлттық педагогикалық университетінің профессоры, филология ғылымдарының докторы, көрнекті жазушы Серік Асылбеков, генерал-полковник, мемлекет және қоғам қайраткері Сәт Тоқпақбаев, облыстық мәслихат депутаты Ләззат Тұрлашов, аудандық ардагерлер кеңесінің төрағасы Батырхан Меңдібаев жазушы шығармашылығының ерекшеліктеріне, бойындағы жақсы қасиеттеріне кеңінен тоқталды. Жамбыл ауданының әкімі Нұрлан Ертастың құттықтауын орынбасары Ақниет Тұматаев жеткізді.

    Жазушы неліктен осы мектепте бөлме жабдықтағанын көпшілікке түсіндірді. Айтуынша, туып-өскен жері мен оқыған мектебі Жамбыл ауылында болғанымен, Қарғалы ауылы – оның атажұрты. Әрі бұл елдімекен халық саны жағынан ауданда Ұзынағаштан кейінгі ірісі саналады. Мектебі де үлкен. Сондықтан осы білім ұясы таңдалған. Мақсат – оқуға құштар жастарға рухани азық сыйлау, қаламгерлік жолды қалағандарға бағыт-бағдар көрсету, жалпы көпшілікке кітап оқуды насихаттау.

    Кездесуде оқушылар жазушыға өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды. «Өзіңіздің жаныңызға жақын шығармаңыз қайсысы?» деген сұраққа ол «Таудан түскен тұман» повесі екенін айтты. Сондай-ақ бала кезінен оқуға құштарлығын, есте қалған қызықты оқиғаларын, жыр алыбы Жамбыл тағылымы жөнінде әсерлі әңгімеледі. Кеште оқушылар жазушы шығармаларынан үзінділер оқып, домбырамен күмбірлеген күй төкті, туған жер туралы әсем әндер шырқады.

    Серік Сатыбалдиев,
    Жамбыл ауданы

    Ұсынымдар

    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    Мәди Ахметов жаңа қызметке тағайындалды

    1 year ago
    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    All ability Camp: Ерекше балаларға арналған өзгеше лагерь

    12 months ago
    Жамбылдықтармен жүздесті

    Жамбылдықтармен жүздесті

    5 months ago
    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    Жалғамыстың жолы қашан жөнделеді?

    2 years ago
    Жастарға жігер берді

    Жастарға жігер берді

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>