-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Сын түзелмей, мін түзелмейді

    08.02.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экономика
    Сын түзелмей, мін түзелмейді
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

    Мемлекет басшысының Жарлығын іске асыру үшін Үкімет Ауылдық аумақтарды дамытудың 2023-2027 жылдарға арналған тұжырымдамасын бекіткен еді. «Ауыл аманаты» жобасы аясында жеке қосалқы шаруашылықтарға жылдық 2,5 пайыз мөлшерлеме бойынша жеңілдікпен шағын несие беріліп, сервистік-өткізу кооперативтерін қалыптастыру, техника, жабдық лизингі және басқа да керек-жарақпен қамтамасыз ету қажет болған. Өкінішке қарай, көрсеткіш көңіл көншітерлік емес.

    Облыстық ауыл шаруашылығы басқармасының мәліметтеріне көз салсақ, бекітілген шарттарға сәйкес жобаға Қонаев, Есік, Талғар, Қаскелең қалалары кірмеген. Бағдарламаға облыстың барлық 133 ауылдық округі қатысуы тиісті болған. 2023 жылға 8,3 млрд теңге бөлінген, оның негізгі 2,3 млрд теңге көлеміндегі қаражаты сәуірде, 6,0 млрд теңгесі 2023 жылдың шілде айында түскен. «Сенім білдірілген агент «Қонаев» әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациясына жалпы сомасы 9,6 млрд теңгеге 1 349 өтінім түсіп, қазіргі уақытта 3,4 млрд теңгеге 496 өтінім бойынша қауіпсіздік қызметінің қорытындысы, кепілдер мен тәуекелдерді заңдық талдауды қоса алғанда сараптама жүргізілуде», – дейді аталған басқарма басшылығы.
    Ал облыс басшысы Марат Сұлтанғазиев бұл мәліметтердің ісжүзінде орындалуын қатаң қадағалау қажеттігін алға тартты.
    – Бағдарлама, аты айтып тұрғандай «Ауыл аманаты» болған соң, ауылдың өмір сапасын өсіретіндей болуы керек. Ал мына қарқынмен ештеңе өзгермейді. Субсидия алушылар 2,5 млн талап етеді. Айтқанымдай, әр ауылдың төңірегінде бір-бір учаске құрылып, халық алған несиесін сол жерге салсын. «Ауыл аманаты» бағдарламасымен жұмыс істеген ауылдың әлеуеті артып, пайдасын халық көруі керек. Табысы көтерілгені жөн. Малды алуын алады, одан кейін оны бағатын жері жоқ, жемшөп жоқ, жағдай қарастырылмаған деп тығырыққа тіреліп жатса, кім кінәлі? Әр шаруаға немесе коперативке 50-100 га бөлініп берілуі тиіс. Жер бар, су бар. Осы көктемде әр аудан 10 мың га-дан іске қоссын. Қажеттілік бар, жұмыс істейтін адамдар көп, Үкіметтен ақша бөлініп жатыр. Тек жақсылап ұйымдастыру жолға қойылмаған. Ирригацияға қаншама қаражат бөлінді?! Субсидия құрлысқа, жаңа технологияларға беріліп жатыр. Тамшылатып суару жүйесін іске қосқан дұрыс, – деді облыс әкімі.
    Өз сөзінде облыс басшысы аудандар мен ауыл әкімдері баяндама жасағанда алуан түрлі жұмыстарды күні-түні атқарып жатырмыз деп сендіретінін, бірақ нәтижесі байқалмайтынын ашып айтты. Қордаланған мәселені орынбасары Алмас Сұлтанұлына бақылауға алуды тапсырып, жауапты мамандарды нәтижелі жұмыс істеуге шақырды.

    Қуаныш Абайбекұлы

    Ұсынымдар

    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    “Жаңа парламенттен жаңа үміт күтеміз”

    2 years ago
    Асық ойнаған азбайды

    Асық ойнаған азбайды

    3 months ago
    Журналист жайын кім ойлар?!

    Журналист жайын кім ойлар?!

    2 years ago
    Қымыздан асқан дәм бар ма?!

    Ат үстіндегі жауынгерлік өнер

    11 months ago
    Алматы облысының аумағында жер сілкінді

    Қытай мен Қырғызстан аумағында тағы жер сілкінді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.