-13 °c
Qonaev
Saturday, June 14, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Ұлтты ұйыстыратын ұлы күш

    03.06.2025
    in Барлық жаңалықтар, Мемлекеттік тіл
    Ұлтты ұйыстыратын ұлы күш
    0
    SHARES
    4
    VIEWS

         Облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының ұйымдастыруымен аудан, қалалар арасында өткізіліп жатқан «Тіл – татулық тірегі» атты тіл фестивалі Райымбек аудандық Мәдениет үйінде жарасымды жалғасын тапты.

         Тіл фестивалінің өткізілу барысын таразылап, әділ бағаларын беру үшін құрамында облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқарманың бөлім басшысы Нұрмаман Оқас, Халықаралық «Қазақ тілі» қоғамдық бірлестігі облыстық филиалының төрайымы Күлзира Сейітбекқызы, облыстық «Тіл» оқыту әдістемелік орталығының директоры Қуаныш Амантай, Райымбек аудандық аналар кеңесінің төрағасы Балжан Омарова бар  қазылар алқасы тағайындалды.

    Салтанатты шарада алғашқы құттықтау сөз алған Райымбек ауданы әкімінің орынбасары Жанарбек Жақсылық тіл фестиваліне қатысушыларға мерекелік ыстық лебізін арнады.

    – Қазақ тілі – елімізде тұрып жатқан барша отандастарымызды біріктіретін ұлы күш, әрі татулықтың мызғымас тірегі. Соның айғағы ретінде бәріміз бүгін анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған қасиетті тілімізді ұлықтап, мерейін өсіруге арналған шарада бас қосып отырмыз. Осынау орны бөлек асылымызды кіршіксіз таза сақтау, жоғалып кетуіне жол бермей, ұрпақтан ұрпаққа жалғап, абыройын асқақтату – міндетіміз. Өз ана тілін жетік біліп, халқының игілігіне жаратудан артық бақыт та, байлық та жоқ. Осыны бүгінгі ұрпақ санасына тоқып өссе, ата-бабамыздың үміті ақталған, аманатқа қиянат жасалмаған ақылды да айбынды елге айналатынымыз ақиқат. Тіліміз ұлт руханияты үшін қызмет етсе, халқымыздың мерейі өсіп, абыройы арта беретіні сөзсіз, – деген Жанарбек Жантөреұлы ауданымызда мемлекеттік тіл аясында жүргізіліп жатқан жұмыстардың жайынан хабардар етті. Алдағы кезеңдерге белгіленген іс-шаралардың жоспарымен таныстырды. Ол сонымен қатар ауданда мемлекеттік тілдің мерейін өсіруге лайықты үлестерін қосып жүрген тіл жанашырларын аудан әкімінің дипломдарымен марапаттады. «Тіл шебері – 2025»,«Үздік қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің оқытушысы – 2025»,«Тіл майталманы – 2025», «Үздік тіл дәріптеушісі – 2025», «Тілге жанашыр кәсіпкер – 2025» номинациялары бойынша журналист Жұмабек Тәліпұлы, ұстаз Роза Құлбаева, ҚР білім беру ісінің үздігі Дариға Саламатова, ұстаз Арзиям Низамова, кәсіпкер Іңкәр Бекдәулетқызы дипломмен қатар аудан әкімдігі мен аудандық тіл, мәдениет, спорт бөлімі тағайындаған 50 мың теңгенің сертификатына ие болды.

    Өз кезегінде мінбеге көтерілген облыстық тілдерді дамыту жөніндегі басқармасының бөлім басшысы тіл фестивалі облыс көлемінде биыл бірінші рет қолға алынып отырғанын сөзіне арқау етті. Бұл шара қазір  қалалар мен барлық аудандарда басталғанын, қорытындысы күзде шығарылатынын көпшіліктің есіне салды.  Мемлекеттік тіліміздің мерейі артып, ел тәуелсіздігінің баянды болуына қызмет ете берсін деген ізгі тілегін жеткізді. Облыстық «Тіл» оқу-әдістемелік орталығының Райымбек аудандық филиалының оқытушысы Жасталап Оразхан мемлекеттік тілдің мән-маңызы, ұстанған бағыт-бағдары, ауданда жүргізіліп жатқан іс-шаралар барысы жайлы мәнді де нәрлі баяндама жасады. Текес өнер мектебінің «Ақтолқын» фольклорлық-этнографиялық ансамблі мен Қарасаз өнер мектебінің «Перне» домбырашылар ансамблі орындаған халық композиторларының  күйлері, аудандық Мәдениет үйінің  өнерпаздары әуелеткен әсем әндері құлақтан кіріп, бойды алды. Тіл фестивалі аясындағы мерекелік шара осылайша қалың қауымды айрықша әсерге бөледі.

    Жұмабек Тұрдиев

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    Тұрақтылық пен бірлік – ел дамуының негізі

    12 months ago
    Құрыш білектің құдыреті

    Құрыш білектің құдыреті

    10 months ago
    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады

    Жастарды қолдау – елдің болашағына жол ашады

    2 years ago
    Аға

    Аға

    9 months ago
    Шаруашылыққа серпін қажет

    Шаруашылыққа серпін қажет

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>