Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Отбасы берекесі зорлық-зомбылықсыз ортада сақталады

Отбасы берекесі зорлық-зомбылықсыз ортада сақталады

17 қаралым

Үй — әр адамның панасы, тыныштық пен қауіпсіздік мекені болуы тиіс. Алайда тұрмыстық зорлық-зомбылық көп жағдайда жабық есік артында қалып, зардап шеккен жандардың үнсіздігіне байланысты ушығып жатады.

Психологиялық қысым, қорлау немесе физикалық зорлық-зомбылықтың кез келген түрі — құқық бұзушылық және адам құқығын таптау. Мұндай жағдайда үнсіз қалу мәселені шешпейді, керісінше қауіпті арттырады. Уақытылы көмек сұрау, дағдарыс орталықтарына жүгіну, заңгерлік және психологиялық қолдау алу — өмір мен денсаулықты сақтаудың маңызды қадамы.

Қоғамда тұрмыстық зорлық-зомбылыққа мүлдем төзбеушілік қалыптасуы керек. Қиын жағдайға тап болған жанға қолдау көрсету және құқықтық тетіктерді тиімді пайдалану отбасы құндылықтарын қорғауға жол ашады.

ЕРЗАТ АСЫЛ

↑