Оқу жылы басталғанда және демалыс күндері балалардың қатысуымен болатын жол оқиғаларының алдын алу ерекше маңызға ие болады. Балалар көбіне жол жағдайын дұрыс бағалай алмай, доп қуып немесе асығып жолға жүгіріп шығуы мүмкін.
Ата-аналар балаға үйден мектепке дейінгі ең қауіпсіз бағытты көрсетіп, бағдаршам мен жаяу жүргіншілер өткелінің ережелерін тәжірибе жүзінде үйретуі керек. Ал көлік жүргізушілері мектептер мен аула маңында жылдамдықты барынша азайтуы тиіс.
Балалардың қауіпсіздігі — ересектердің жауапкершілігі. Жолдағы әрбір сақтық қадамы жас өмірді қорғайды.
АЛТЫНАЙ СЕЙТКЕН

