Перейти к содержимому
Басты бет / Заң және тәртіп / Мүлік қауіпсіздігі: сақтық пен заманауи қорғаныс құралдары

Мүлік қауіпсіздігі: сақтық пен заманауи қорғаныс құралдары

16 қаралым

Жеке және қоғамдық мүлікті қорғау — әр иесінің күнделікті назарында болуы тиіс мәселе. Ұрлық пен бөтеннің мүлкіне қол сұғудың алдын алу үшін қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтау мен заманауи технологияларды қолдану аса маңызды.

Пәтер мен жеке үйлерде сенімді құлыптар мен бейнекамералар орнату, кіреберіс есіктерді бекіту, автокөлікті қараусыз немесе жарықтандырылмаған жерде қалдырмау сияқты қарапайым әрекеттер тәуекелді едәуір азайтады. Сондай-ақ құнды заттар мен құжаттардың сақталуына мұқият болу қажет.

Мүлікке қатысты құқық бұзушылықтардың басым бөлігі немқұрайлылықтан туындайды. Алдын алу шараларын уақытылы қолдану арқылы әр азамат өз еңбегімен тапқан дүниесін қорғай алады.

АЙЖАРЫҚ КӨПТІЛЕУОВ

↑