⚠️ Ауа райы табылмады.
Жексенбі, Ақпан 8, 2026
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысы ормандарында биыл 2 өрт болды

    23.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Қауіпсіздік, Құқық-заң, Өңір тынысы, Төтенше жағдай
    Алматы облысы ормандарында биыл  2 өрт болды
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Бұл туралы Өңірлік коммуникация алаңында өткен баспасөз мәслихатында Алматы облысы Төтенше жағдайлар департаменті мемлекеттік өрт бақылау басқармасының бастығы Самат Кенжехан мәлімдеді.

    Спикердің айтуынша, қазіргі кезде өрт сөндірушілер Іле-Балқаш мемлекеттік табиғи резерваты аумағында құрғақ шөп пен қамыс өртін сөндіріп жатыр.

    Тілсіз жауды сөндіруге ТЖД 40-қа жуық адам және 10-нан астам техника жұмылдырылды. Қазіргі уақытта өрт сөндіру жұмыстары жалғасуда. Жақын маңдағы Қараой ауылына қауіп жоқ.

    Самат Кенжеханның айтуынша, табиғи өрт ауа-райының қолайсыздығынан, алқаптарда азаматтардың қарапайым қауіпсіздік ережелерін сақтамауынан тұтанады.

    «Осыған байланысты департамент қызметкелері арнайы рейдтік іс-шаралар өткізуде. Шараға азаматтық қорғау күштері, жергілікті полиция қызметі, орман мекемелері мен ЖАО-дан 55 адамнан тұратын 6 мобильдік топ құрылды», – деді ТЖД өкілі Самат Кенжехан.

    Бұдан бөлек, орман-дала өрттерін болдырмау мақсатында облыс аумағында республикалық және жергілікті маңызы бар автомобиль жолдарының минералданған жолақтарын, орман алқаптары мен егіс алқаптарының айналасына орналастыру және күту бойынша жұмыстар жүргізілген.

    Сондай-ақ басқарма басшысы орман шаруашылықтарымен және жергілікті атқарушы органдармен бірлесіп өрт-тактикалық оқу-жаттығулар өткізіліп жатқанын айтты.

    Жалпы өрттің қауіпті кезеңі 2 наурыздан 1 қарашаға дейін жалғасады. Осы кезең аралығында төтенше жағдайдайлар қызметкерлері өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтауға шақырады.

    Ұсынымдар

    Metito компаниясы Алматы облысында су тазарту және кәріз жүйесін жүргізуге мүдделі

    Әкім: Облыс экономикасының өсімі бір қарқында

    3 years ago
    Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар талқыланды 

    Конституциялық комиссия екінші отырысында «Құрылтай», «Халық кеңесі» бөлімдері бойынша нормалар талқыланды 

    2 weeks ago
    Дәстүрден – инновацияға!

    Дәстүрден – инновацияға!

    5 months ago
    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРҒА КӨКТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ ҚҰМ СЕБІЛДІ

    АЛМАТЫ ОБЛЫСЫНДАҒЫ ЖОЛДАРҒА КӨКТАЙҒАҚҚА ҚАРСЫ ҚҰМ СЕБІЛДІ

    3 weeks ago
    Солтүстік өңірлерге көшудің жай-жапсары баяндалып, ұтымды тұстары айтылды

    Солтүстік өңірлерге көшудің жай-жапсары баяндалып, ұтымды тұстары айтылды

    3 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>