-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Күрделі жөндеуді қажет етеді

    12.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым, Өңір тынысы, Үкімет
    Күрделі жөндеуді қажет етеді
    0
    SHARES
    11
    VIEWS

    Сусыз тіршілік тығырыққа тіреледі. Ал, су – шектеулі ресурс. Ел экономикасының дамуы ауыл шаруашылығымен тікелей байланысты. Биылғы су тасқыны аталған салаға ауқымды өзгерістер керек екендігін анық көрсетті. Сонымен қатар су қоймаларының қауіпсіздігіне ерекше көңіл бөлу керектігін айқындады. Еңбекшіқазақ ауданына арнайы іссапармен келген ҚР Парламенті Сенатының депутаты Жанболат Жөргенбаев Бартоғай су қоймасы бойынша қордаланған мәселелер туралы сала мамандарымен ой ортақтасты.

    1983 жылдан бері жұмыс істеп келе жатқан Бартоғай су қоймасының жалпы сыйымдылығы 320 млн текше метр. Кезінде 5 ауданды қамтып келсе, қазір тек Еңбекшіқазақ пен Талғар аудандарына су береді. Десе де диқандар құрғақшылық қысқан тұста тіршілік нәрінен тапшылық көруде. Оның басты себебі – 40 жылдан асқан үлкен канал мен арық жүйелерінің ескіруі дейді мамандар.

    «Қазір қоймада 280 млн текше метр шамасында су бар. Алда тағы 15 млн текше метр су жиналады деп межелеп отырмыз. 25 сәуірден бастап Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналына су жібере бастаймыз. Жасыратыны жоқ, қоймаға құйылатын су қоры жылдан жылға азайып келеді. Оның үстіне су қоймасының түбі шөгінділерден тазартылған жоқ. Қойманы күрделі жөндеуден өткізудің жобалық-сметалық құжаттамасы әзірленді. Біз қазір басты екі мәселені қарастыруымыз керек. Біріншісі, шаруаларға суды үнемді жолмен жеткізу, екіншісі, оларға суды тиімді пайдалануды үйрету керек. Бүгінде қоймадағы жағдай тұрақты. Су мөлшерін жиі бақылап отырмыз, – дейді Д.Қонаев атындағы Үлкен Алматы каналының директоры Мейрам Арыстанов.

    Бартоғай су қоймасындағы қауіпсіздікке баса мән берген жөн, дейді сенатор. Себебі, апатты жағдайдың алдын алу қажет. Шындығы сол, 40 жылдан бері 300 млн текше метрден аса су сақтап отырған бөгет бірде-бір күрделі жөндеу көрмеген.
    – Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев өткен жылдың қыркүйек айындағы Қазақстан халқына арнаған Жолдауында суармалы жерлердің көлемін ұлғайтуды және жаңа су қоймаларын салу арқылы қосымша суару көздерін құру қажет екендігін айтқан болатын. Қазіргі жағдай бұл мәселенің кезек күттірместен күн тәртібінде тұру керектігін айқындады. Бартоғай – Алматы облысындағы ең ірі су қоймасы. Қойманың жұмысымен танысу барысында кейбір мәселелерге көз жеткіздік. Су қоймасының айдыны лайлана бастаған. Сондықтан бұл мәселе жедел әрекет етуді талап етеді. Атап айтқанда, су қоймасын арнайы техниканың көмегімен, механикалық тәсілмен тазарту керек. Мен Парламентте құрылған жобалау кеңсесі арқылы жағдайдың оң шешім табуына мұрындық боламын деп ойлаймын. Жергілікті әкімдіктер де бұған ерекше назар аудар қажет. Қалай десек те, жуық арада Бартоғай су қоймасы күрделі жөндеуден өтуі тиіс, – деді Жанболат Жөргенбаев. Сонымен қатар Сенат депутаты егіс алқаптарын сумен қаматамасыз етудегі мәселені оңтайлы шешу үшін Үкіметке жергілікті мәслихат тарапынан арнайы ұсыныс жасау керектігін алға тартты.

    Еңбекшіқазақ ауданына депутатпен бірге сапарлай келеген Су ресурстары және ирригация министрлігі Су ресурстары комитеті төрағасының орынбасары Мақсат Темірбекұлы саладағы құрылымдар мен тарифтерді жүйелеуге қатысты жұмыстар туралы баяндады. Мамандардың айтуынша, Бартоғай су қоймасының күрделі жөндеу жұмысына 4 млрд теңге қаржы кетеді. Қазақстандағы барлық су қоймасын жөндеу мен қайта жаңғыртуға шамамен 2-3 трлн теңге қажет.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    “109” бірыңғай байланыс орталығы жұмыс істей бастады

    1 year ago
    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    Мереке қарсаңында спорт кешені ашылды

    2 years ago
    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    Бірінші сыныпқа құжат қабылдау қашан басталады?

    2 months ago
    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    Сұранысқа ие Sarbi немесе сапалы аяқ киім тігу кәсібі қалай басталды?

    2 years ago
    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    Су басқан өңірлерге 60 тоннадан астам гуманитарлық көмек жіберілді

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.