Перейти к содержимому
Главная страница » Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

Қонаевтағы үйлер масаға қарсы дәріленді

Қала әкімдігінің ТҮКШ бөлімінің мәліметінше, тұрғын үйлердің жертөлелерінде масаға, қандалаға, бүргелерге қарсы дәрі шашу жұмыстары жүріп жатыр. Қазіргі таңда мердігер компания 2 шағын аудандағы үйлерді дезинсекциялауда, жалпы жоспар бойынша барлық тұрғын үйлерді қамту жоспарланған. Өңдеу жүретін уақыт алдын ала пәтер иелері кооперативтерінің басшыларына хабарланады.

Сондай-ақ қамыс, ашық жатқан аумақтар, парктер, скверлер де назардан тыс қалған жоқ. Мұндағы дезинсекциялаумен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау басқармасы айналысуда. Өңделетін аймақ 11 га-дан асады. Өңдеу жұмыстары кезең-кезеңімен жаздың соңына дейін жүреді.