-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар Әлеумет

    Қорғансызға қол созған

    22.04.2024
    in Әлеумет, Барлық жаңалықтар, Демография, Мәдениет, Өңір тынысы
    Қорғансызға қол созған
    0
    SHARES
    6
    VIEWS

    Облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссия мүшелері Еңбекшіқазақ ауданындағы отбасылық үлгідегі балалар үйінің тыныс-тіршілігімен танысты.

    Қоғамда қайырымды жандардың қатары артқан сайын, өмір ізгіліктің шуағына шомады. Бағы мен соры тең тайталасқан тірлікте мейірімді жүректердің жылуына мұқтаж жандар қаншама?! Әсіресе, тастанды болған тағдырлар аялы алақандардың әлпештеуін аңсайды. Қамқорсыз қалған сәбилерге қорған болуға, отбасы жылуын сыйлап, бала асырап алуға бағыт-бағдар беруді көздеп, жетімдер үйін азайту мақсатында сол кездегі Алматы облысының білім басқармасы 2016 жылы арнайы жобаны қолға алған болатын. Көптеген жетім баланың көз жасын сүрткен игі бағдарлама бүгінде өз жалғасын табуда.

    Аудандық білім бөлімінің маманы Алмагүл Дүйсебекованың сөзіне қарағанда, өңірде 2 отбасылық үлгідегі балалар үйі бар. Онда 20-дан астам жеткіншек тұрады. Отбасылық үлгідегі балалар үйінде балдырғандардың ойдағыдай өмір сүруіне мемлекет тарапынан арнайы қаржы бөлінген.

    Есік қаласындағы И.Ершованың отбасылық үлгідегі балалар үйінде қараусыз қалған 10 бала тұрады. Бірінің анасы түрмеде болса, кейбірін ата-анасы ешқандай себепсіз тастап кеткен. Сол балалар қазір өздеріне жаңа отбасы сыйлаған анасымен бақытты өмір сүруде.
    Бүгінде отбасылық үлгідегі балар үйінде тәлім алып жатқан жеткіншектердің кейбірі түрлі пәндік олимпиадалар мен спорттық додаларда топ жара бастапты.
    – Мұнда олардың ойдағыдай білім алуына, өнер үйренуіне, спортпен шұғылдануына жағдай жасалған. Балаларға тек материалдық қана емес, психологиялық көмек көрсетіледі, – дейді облыс әкімдігі жанындағы кәмелетке толмағандардың істері және олардың құқықтарын қорғау жөніндегі комиссиясының хатшысы Айғана Асанова.

    Біз от басқан сезімдерден тағдыры талқандалған, өмір өзегінен тепкен өрімдей балалардың жүзінен қуаныш лебін байқадық. Енді олардың отбасы, шаттыққа толы шаңырағы бар. Шерлі жүректердің күлімдеген көздерінен күллі әлем нұрланғандай әсерде қалдық. Ол үшін көкірегі зарлы көкөрімдердің көз жасын сүрткендерге мың алғыс.

    Ерзат Асыл,
    Еңбекшіқазақ ауданы

    Ұсынымдар

    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    «TazaLike»: Алматы облысында экологиялық акцияға 25 мыңнан астам адам қатысты

    2 months ago
    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    Қонаевта “Бірлік fest” фестивалі өтті

    2 years ago
    Іле ауданында атыстан 1 адам оққа ұшып, 4-уі жараланды

    Іле ауданында атыстан 1 адам оққа ұшып, 4-уі жараланды

    2 years ago
    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    Жүйесін тапқан жұмыстар журналистер назарынан тыс қалмады

    1 hour ago
    Аудан әлеуеті артып келеді

    Аудан әлеуеті артып келеді

    4 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.