-13 °c
Qonaev
Sunday, May 18, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Тазалық акциясы Жамбыл ауданында да жалғасын тапты

    12.04.2024
    in Барлық жаңалықтар, Экология
    Тазалық акциясы Жамбыл ауданында да жалғасын тапты

    Фото: kaztengrinews.kz

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    Жамбыл ауданында республикалық “Таза Қазақстан” экологиялық акциясы берекесімен бастау алып, ауқымын кеңейте түсті. Бүгін аудан әкімі Ерлан Қыдыралыұлы ауданның зиялы қауымымен және жастармен бірге аудан орталығы Ұзынағаш ауылындағы орталық алаңда тазалық жұмыстарына ден қойып, Мемлекет басшысының аумақтарды абаттандыру, көгалдандыру жөнінде берген тапсырмасына орай өңір тұрғындарына Үндеуін жариялады.

    Экологиялық акция аясында ауданның орталық алаңындағы талдар әктеліп, демалыс орындары сырлануда және сәндік ағаштар отырғызылуда.

    Жамбыл ауданы аумағында биыл 5 000 түп ағаш көшеттерін отырғызу жоспарланса, бүгінге дейін жалпы саны 3 257 түп ағаш егілді. Оның ішінде 350 түп арша, 350 түп туя, 1800 түп қарағаш бар.

    Аудан орталығындағы мекемелердің ғимараттары айналасында да тазалық және көріктендіру жұмыстары жүргізіліп, аудан ардагерлері мен жастары орталық Абай көшесінің бойын ретке келтіріп, қапталындағы арықтарды тазалады.

    Жалпыхалықтық экологиялық акция Жамбыл ауданындағы барлық 42 елді мекенде жалғасын тауып отыр.

    Сонымен қатар, акция аясында ұрпақтар сабақтастығын жалғауды мұрат тұтқан Жамбыл ауданының ардагерлері аудан жастарын тарта отырып, ұрпақтар сабақтастығы ретінде аудандағы 20 еңбек ардагерлерінің аулаларындағы көктемгі егін жұмыстарына қол ұшын берді.
    Олар өздерімен бірге жұмыс құралдарын ала келіп, баспана аулаларын күл-қоқыстан тазартты, үй іргесіндегі тәлімі жерді көктемгі егіске дайындау мақсатында аударып, тырмалап, су жүретін арық-атыздарды тартып берді.

    “Атадан мал қалғанша, тал қалсын” деген сипатты сөзді санаға түйген ақсақалдар мен жастар аула ішіне 50 түп жеміс және 50 сәндік ағаш көшеттерін отырғызды.

    Аға буын мен кейінгі ұрпақ сонау ата-бабадан жеткен еңбек дәстүрін осылай дәріптеп, ұрпақтар сабақтастығын паш етті. Ізгілік жолы барлық елді мекендерде жалғасуда.

    Ұсынымдар

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    Euro-2024 іріктеу кезеңінде Қазақстан Финляндиядан басым түсті

    2 years ago
    Қонаевта жаңғыртылған қалалық кітапхана ашылды

    Қонаевта жаңғыртылған қалалық кітапхана ашылды

    4 weeks ago
    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    Қандай шетелдік діни білім беру орындарында оқыған жөн?

    2 years ago
    Сақалы бар, мұрты жоқ

    Сақалы бар, мұрты жоқ

    1 month ago
    ҒҰМЫР ЖОЛЫ –  ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    ҒҰМЫР ЖОЛЫ – ҒЫЛЫМ ЖОЛЫ

    6 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.