-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Олжас Бектенов Алматы облысының экономикалық әлеуетімен танысты

    30.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Үкімет
    Олжас Бектенов Алматы облысының экономикалық әлеуетімен танысты
    0
    SHARES
    8
    VIEWS

    Премьер-Министр Олжас Бектенов Алматы облысының көлік-логистикалық және өнеркәсіптік әлеуетімен танысты. Отандық өндірісті жолға қою арқылы экономикалық өсімді қамтамасыз ету мақсатында жұмыс істейтін бірқатар нысан тексерілді. Мақсат – импортты алмастыру және экспортқа бағдарлау.

    Атап айтқанда, «Жетіген» жаңа көлік-логистикалық орталығы мен G-TRANS Service индустриялық-логистикалық хабы құрылысы, сондай-ақ «Қайрат» және «Даму» индустриялық аймақтарын кеңейту жұмыстарының барысы тексерілді.

    Логистикалық орталықтарды аралау барысында Үкімет басшысы көлік инфрақұрылымы мен логистиканы дамытудың өзектілігіне тоқталып, жобаларды табысты іске асыру үшін жетіспей тұрған коммуникацияларды жүргізу жөнінде бірқатар тапсырма берді. Бұл жұмысты Бизнестің жол картасы бағдарламасы аясында аяқтау қажет. Сондай-ақ өнеркәсіпті дамыту үшін қажетті жағдайлар жасаудың маңыздылығы атап өтілді.

    «Мемлекет басшысы өзінің Жолдауында көлік-логистикалық әлеуетті іске асырудың стратегиялық маңыздылығын атап көрсетті. Зор перспективаларды ашатын осы елеулі артықшылықтарды пайдалануымыз керек. Біз сауда мен жалпы экономикаға ұтымды әсер ететін жаңа жобаларға қызығушылық танытып отырмыз. Қазіргі таңда инфрақұрылымдық мәселелерді шешіп жатырмыз, бизнестің жұмысы үшін қажетті жағдай жасап, тиісті коммуникациялар құрылады. Сонымен бірге кәсіпорындардың өздері үнемделген қаражатты өнім сапасын арттыруға және жаңа жұмыс орындарын құра отырып, одан әрі кеңейтуге бағыттай алады», — деп атап өтті Олжас Бектенов.

    Мәселен, Жетіген ауылында қуаттылығы жылына 500 мың контейнерге дейін, жалпы жүк айналымы 5 млн тоннаға жететін Орталық Азиядағы алғашқы ірі индустриялық-логистикалық хабтың салынуы 3,5 мың жұмыс орнын құруға мүмкіндік береді. Жоба нысанның ҚХР шекарасына жақын орналасуы есебінен Орталық Азия елдерімен және Қытаймен жүк ағынын арттыруға бағытталған.

    Бұған қоса Премьер-Министр индустриялық аймақтар аумағындағы компаниялардың жұмысымен танысты. Олжас Бектенов «Бент» темірбетон бұйымдарын, «ТехноНиколь – Орталық Азия» құрылыс материалдарын, «Шин-Лайн» балмұздағын өндірудің технологиялық процесін қарап шықты.

    Сондай-ақ құс етін өндіретін ТМД-дағы ең ірі жоғары технологиялық автоматтандырылған кәсіпорын құру бойынша жаңа инвестициялық жоба таныстырылды. Жоба еліміздің азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және экспортқа бағдарланған. Толықтай іске қосылған кезде өнімділігі жылына 240 мың тонна құс етіне дейін, ал жұмысшылар саны 6 мың адамға жеткізіледі. Бұл ЕАЭО аумағындағы ең ірі құс фабрикасы болмақ. Сондай-ақ Қазақстанның импортқа тәуелділігін азайтып, құс етіне деген сұранысын толық қанағаттандыруға мүмкіндік береді.

    Сонымен қатар Үкімет басшысы балық өнеркәсібі кешеніне барды. Кәсіпорында ішкі және сыртқы нарықтарда сату мақсатында теңіз балығы өсіріледі. Бүгінде нысанның өндіріс қуаттылығы 1 мың тоннаны құрайды, алдағы уақытта оны 10 мың тоннаға дейін арттыру көзделген.

    «Азық-түлік қауіпсіздігі – бұл нөмірі бірінші мәселе. Біз өзімізді негізгі азық-түлік тауарларымен қамтамасыз етуіміз керек», — деп атап өткен Олжас Бектенов Үкімет өнеркәсіп секторын қолдау шараларын одан әрі жалғастыратынын айтты.

    Алматы облысының өнеркәсіп өндірісінің жалпы көлемі 2024 жылдың 4 айының қорытындысы бойынша өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 3,2%-ға өсіп, 573,6 млрд теңгеге жетті.

    Ұсынымдар

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    ІІМ журналисті тінтудің жай-жапсарын түсіндірді

    2 years ago
    Шахматшы ата

    Шахматшы ата

    4 months ago
    Адам саудасы алаңдатады

    Адам саудасы алаңдатады

    10 months ago
    Тіл – татулық тірегі

    Тіл – татулық тірегі

    10 months ago
    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    Мыңдаған баланың талабын ұштаған өнер мектебі

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>