-13 °c
Qonaev
Friday, June 6, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында оқу жылы қалай корытындыланды?

    29.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Білім-ғылым, Өңір тынысы
    Ауыл мен қала мектептеріндегі білім сапасы тең болуы керек – Президент

    Фото: dalanews.kz

    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облыстық білім беру басқармасы басшысының орынбасары Гүлжан Мұхамажанқызы Өңірлік коммуникациялар қызметінде облыстың жалпы білім беретін ұйымдарында 2023-2024 оқу жылының аяқталуы және балалар мен жасөспірімдердің жазғы кезеңде демалысы туралы баяндады.
    Осы оқу жылын облыстың 474 білім беру ұйымында 350 011 оқушы аяқтады. Олардың ішінде 11 сыныпты 14 222 оқушы бітіреді. «Алтын белгіге» үміткер – 948, «Үздік аттестатқа» үміткер 1206 оқушы бар.
    Гүлжан Мұхамажанқызының айтуынша, балаларды білім нәрімен сусындандырып жүрген ұстаздар үшін де жыл табысты болды. Оқу жылы ішінде 33 мың педагог сапалы қызмет атқарып, айтарлықтай нәтижелер көрсеткен. Мәселен, былтыр халықаралық білім жарыстары мен олимпиадаларда 117 оқушы топ жарып жүлдегер атанса, биыл 150 бала жеңімпаздар қатарынан көрінген.
    Сонымен қатар, спикер білім сапасын арттыру мақсатында облыс әкімдігінің қолдауымен «Жол картасы» жасалғанын атап өтті. Жол картасы аясында «Білім инновация» халықаралық қоғамдық қорымен бірлесе отырып, «50 табысты мектеп» жобасы жүзеге асырылып, білім сапасы 1,6 пайызға жақсарған.

    Бұдан бөлек, Гүлжан Мұхамажанқызы балалардың жазғы демалысы қалай өтетініне тоқталды.
    Жазғы демалыс кезеңінде балалардың сауықтыру демалысын, олардың бос уақытын және сауықтыру ұйымдарын пайдалануға дайындау және қабылдау жөніндегі облыс әкімінің өкіміне сәйкес қажетті іс-шаралар ұйымдастырылып жатыр. Облыс аумағында 20 жазғы сауықтыру орталықтары бар. Оның ішінде жазғы кезеңде 1 мемлекеттік және 14 жекеменшік лагерь өз жұмысын бастайды деп күтілуде.

    «Биыл жазғы демалыста 1-10 сыныпта оқитын 7-14 жас аралығындағы 272 861 жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, аз қамтылған, көп балалы отбасылардың балалары, мүгедек және мүмкіндіктері шектеулі балалар, жалпы білім беретін мектептердің үздік оқушыларын қамтуы жоспарлануда», – дейді Гүлжан Мұхамажанқызы.
    Сонымен қатар, демеушілер тарапынан 120 бала сауықтыру шараларымен қамтамасыз етілді. «Қазақстан халқына» қоғамдық қорының «Жаздық сауықтыру жолдамасы» әлеуметтік жобасы аясында облыстың 4 лагеріне 2421 балаға жолдама берілді.
    Спикердің ақпаратына қарағанда, балалар демалатын лагерьлер тізімі барлық мүдделі органдар назарына ұсынылып, лагерь басшыларымен түсіндірме жұмыстары жүргізілуде. Атап айтсақ, 15-17 мамыр аралығында ҚР Үкіметі аппаратының аймақтық инстпекторының жұмыс сапары барысында тексерулер жүргізілді. Өңірдегі 5 лагерьдің жазғы уақытта балаларды қабылдауға дайындығымен танысты.

    Ұсынымдар

    Ерлігі ұмытылмайды

    2 months ago
    Алматы облысына Мәжіліс депутаттары келді

    Алматы облысына Мәжіліс депутаттары келді

    2 years ago
    Дарынымен дараланған

    Дарынымен дараланған

    11 months ago
    Өрттен қаза тапқан орманшылар отбасыларына пәтерлер берілді

    Өрттен қаза тапқан орманшылар отбасыларына пәтерлер берілді

    2 years ago
    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    Құтқарушылар жеке үйден екі жылан ұстады

    2 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.