-13 °c
Qonaev
Monday, May 19, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Әдебиет

    Ақын мұрасы дәріптелді

    30.05.2024
    in Әдебиет
    Ақын мұрасы дәріптелді
    0
    SHARES
    10
    VIEWS

    «Мен өзім тауда туып, тасында өстім» деп жырлаған Алаш қайраткері І.Жансүгіровтің биыл 130 жылдығы атап өтілуде. Осыған орай Жаңалық ауылындағы І.Жансүгіров атындағы №37 жалпы білім беретін орта мектепте  «Ілияс – қазақ поэзиясының  құлагері» атты шара өтті.  

    Танымдық кешті мектеп директоры  Данияр Аманжолов ашып, шараны ұйымдастырудағы мақсат ұлы тұлғаны ұрпақ жадында қалдыру, Ілияс Жансүгіровтің өмірі мен шығармашылығын насихаттау екенін жеткізді. Сонымен қатар жыр құлагері атындағы мекепте Ілиястану жобасы жүзеге асырылатынын, оның бір тармағы ретінде Ілияс оқулары өтетінін, жеңімпаздарға ақын атындағы шәкіртақы жыл сайын табысталып келе жатқанын айта кетті.

    Кешке Ілияс атамыздың ұрпақтары –  Қарлығаш Қантарбаева, Дүрия Чүкенова, Салтанат Майлина және қазақ тілінің жанашыры  Камнұр Тәлімұлы қатысып, естеліктерімен бөлісті, ақынның өмірі мен шығармашылығы жайлы сыр шертті. Бұдан соң құрметі қонақтар мектеп ішіндегі І. Жансүгіров атындағы мұражайдың ашылуына куә болды. Сондай-ақ шара барысында Талдықорған қаласынан арнайы келген І.Жансүгіров атындағы мұражай қызметкерлері көшпелі көрме көрсетіп, ақынның ұстаған заттарын көпшілік назарына ұсынды. Ілиястану жобасының жеңімпаздары да анықталып, 12 оқушыға  шәкіртақы тағайындалды.

    Шара соңында мектеп директоры  Данияр Аманжолов кешке арнайы келген қонақтар мен жобаға қатысқан оқушылар мен ұстаздарға ризашылығын білдірді. Рухани құндылыққа толы кеш көпшіліктің көңілінен шықты.

    Айнұр Нұржақып,

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    100-ден астам ағаш отырғызылды

    Алматы облысында 1500 гектар аумақта 3,3 млн ағаш отырғызылады

    6 months ago
    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    Кәсіптік білімнің көкжиегі кең

    9 months ago
    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    Өрт қауіпсіздігі – өз қауіпсіздігің

    1 year ago
    Еңбек етсең ерінбей…

    Еңбек етсең ерінбей…

    1 year ago
    Тұтастық тұғыры

    Тұтастық тұғыры

    1 month ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.