-13 °c
Qonaev
Wednesday, July 2, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бейбіт күннің батырлары

    07.05.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Бейбіт күннің батырлары
    0
    SHARES
    20
    VIEWS

    Еліміздегі су тасқыны апатынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету мақсатында Алматы облысынан әскери қызметкерлер, ТЖД құтқарушылары, волонтерлар және жеке кәсіпкерлер мен ауыл шаруашылығы қожалықтарының техникалары жіберілген болатын. Сол техниканың бір бөлігі мен оның жүргізушілері өңірімізге қайтып оралды. Оларды Алматы 1 вокзалында облыс әкімінің орынбасары Алмас Батанов қарсы алып, алғысын білдірді.
    – Біріншіден, сіздерді Отан қорғаушылар күнімен құттықтаймын. Облыс атынан Жайық өңіріне барып, топан судан жапа шеккендерге қолдау білдіріп, көмектескендеріңіз ерлікпен тең. Өңірімізде ел қорғаған батырлар аз болмаған. Сол ержүрек тұлғалардың жалғасы болған сіздер – бүгінгі бейбіт күннің батырысыздар. Алматы облысынан 50-ден аса құтқарушы, әскери қызметкерлер, 15 ерікті мен 171 техника жіберілді. Сол техниканы басқарып, қарғын сумен күресте көрсеткен жанкештіліктеріңіз үшін облыс әкімшілігінің атынан рақмет айтамын. Жайық өңірінің әкімшілігі мен халқы да сіздерге алғыстарын білдіруде. Әрқашан осылай халықтың жылы ықыласына бөлене беріңіздер, – деді Алмас Сұлтанұлы.

    Өздеріне жүктелген міндетті абыроймен атқарып келген жандардың да ой-пікіріне құлақ түрдік. «14 сәуір күні апат болған өңірлерге аттандық. Орал қаласына жеткен соң аудандар мен ауылдарға бөлініп, тасқыннан қорғайтын бөгеттер тұрғыздық, техникаларды жүргізу арқылы халыққа қолымыздан келгенше көмектесуге тырыстық. Табиғи апаттан жапа шеккен жандарға қол ұшын соза алғанымызға қуаныштымыз және әрқашан көмектесуге дайынбыз деді», – Рашид Мәметов. Ал Талғар ауданының тұрғыны Елдар Исаев өзінің самосвал жүк көлігімен Ақжайық ауданы Шапай ауылына көмек көрсеткен. «Шапай өңірінен Тайпақ ауылына дейін 8 шақырымды құрайтын бөгет тұрғыздық. Ол үшін 26 самосвал, 4 экскаватор, 6 жүк тиегіш көлік пайдаланылды. Әскерилер, ауыл азаматтары, үлкен-кіші бәріміз бірігіп қызмет еттік. Олар топырақты қаптарға салды, біз күніне 15-18 рейс жасап топырақты тасып бердік. «Жұмыла көтерген жүк жеңіл» дегендей бұл қиындықты да бірге еңсердік. Бұндай апатты жағдай елімізде қайталанбасын. Еліміз аман, жұртымыз тыныш болсын», – деді Елдар Алдабергенұлы.

    Ұсынымдар

    Алматы облысында алғашқы мамандандырылған ХҚКО ашылды

    Алматы облысында алғашқы мамандандырылған ХҚКО ашылды

    2 years ago
    Балабақша жұмысы жанданады

    Балабақша жұмысы жанданады

    5 months ago
    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    МӘМС-ке биыл кім қанша жарна төлейді?

    1 year ago
    Ақ Жайықтағы алқалы жиын

    Ақ Жайықтағы алқалы жиын

    1 year ago
    Мемлекеттік қызметкер. Көрнекі сурет

    Мемлекеттік қызметкерлер енді Қонаевта оқытылады

    2 years ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.