-13 °c
Qonaev
Thursday, June 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды

    01.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Мәдениет, Мереке, Өңір тынысы, Төтенше жағдай, Экология
    Бірлік күні Алматы облысында ізгі істермен басталды
    0
    SHARES
    2
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев «Таза Қазақстан» акциясының «Өнегелі ұрпақ» апталығына еріктілермен жалғызбасты қариялардың үйіне барды. Сонымен қатар, Солтүстік Қазақстанға облыстық ҚХА дайындаған гуманитарлық көмекті жөнелтуге қатысты.

    Зардап шеккен тұрғындарға көмек көрсету үшін Алматы облысының Қоғамдық келісім және даму орталығы Петропавл қаласына 25 тонна гуманитарлық көмек жіберді.

    – Біз, этномәдени орталықтың өкілдері, осындай қиын-қыстау заманда халқымыздың бірлігінің маңызды екенін атап өткіміз келеді. Тек бірігіп, кез келген қиындықты жеңе аламыз. Алматы облысының Ассамблеясы әрқашан игі істерді қолдайды және су тасқынынан кейін қалпына келтіру бойынша барлық күш-жігеріңізге көмектесуге дайын екендігін атап өткіміз келеді. Құрылыс материалдарын жолдап жатқанымыздың басты себебі — су тасқынынан кейін үйлер мен басқа да нысандарды қалпына келтіруге көмектесу, – деді Алматы облысының «Сафар» тәжік қоғамдық бірлестігінің төрағасы Солихов Карахон.

    Айта кету керек, Алматы облысы су тасқынынан зардап шеккен өңірлерге көмек көрсету бойынша кешенді шараларды жалғастыруда. Фронт-офис жұмысының алғашқы күндерінен бастап еріктілер 300 тоннадан астам гуманитарлық көмек жинады. Мысалы, Батыс Қазақстан облысына 130 тонна, Атырау облысына 100 тонна, Солтүстік Қазақстан облысына (Петропавл) 70 тонна гуманитарлық жүк жеткізілді. Облыстық штаб жұмысына 500-ден астам ерікті жұмылдырылған, оның 20-сы жергілікті жерде көмек көрсетуде. Батыс Қазақстан облысына су тасқынымен күресу үшін 171 бірлік арнайы техника жіберілді (тиеу, инженерлік, жүк техникасы, су тасығыштар және моторлы қайықтар).
    Сондай-ақ облыстың бизнес қауымдастығы қаржылай көмек ретінде «Қазақстан халқына» және «Демеу Қазақстан» қорларына 90 миллион теңгеден астам қаржы аударды. Облыстағы сауықтыру лагерлері Батыс Қазақстан және Ақтөбе облыстарынан келген 170 оқушыны орналастырды. Балаларға барлық жағдай жасалып, қашықтықтан оқыту ұйымдастырылып, оқу құралдарымен қамтамасыз етілді.

    Қоғамдық келісім орталығының өкілдері бүгін су тасқынынан зардап шеккендерге 25 тонна көлемінде құрылыс материалдарын жіберуде. Бұған дейін де жұмыстар атқарылған. Бұл белсенді және ынтымақты әрекеттер біздің халық ретінде қиын кезеңдерде бірге тұрғанымызды және бір-бірімізге қолдау көрсетуге дайын екенімізді көрсетеді, – деді Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев.

    Ұсынымдар

    Жаңа орталық ашылды

    Жаңа орталық ашылды

    1 year ago
    «Береги здоровье смолоду!»

    Нет стигме и дискриминации!

    3 weeks ago
    Кәсіпкерлікке бастаған жоба

    Кәсіпкерлікке бастаған жоба

    11 months ago
    МҰҢДАСЫМ ДА ЖЫРЛАРЫМ, СЫРЛАСЫМ ДА…

    МҰҢДАСЫМ ДА ЖЫРЛАРЫМ, СЫРЛАСЫМ ДА…

    2 months ago
    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    “Алтын адам” маңы абаттандырылды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>