-13 °c
Qonaev
Tuesday, July 1, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    ҰОС ардагерлерін құттықтады

    09.05.2024
    in Барлық жаңалықтар, Идеология, Мереке, Өңір тынысы, Тарих
    0
    SHARES
    3
    VIEWS

    Алматы облысының әкімі Марат Сұлтанғазиев Ұлы Отан соғысының ардагерлерін Жеңіс күнімен құттықтады. Шара Қонаев қаласындағы Даңқ мемориалы жанында гүл шоқтарын қою рәсімінен басталды.

    Марат Сұлтанғазиев Алатау қаласының Тыл ардагері,көпбалалы ана, «Алтын алқа» иегері Бұлын Рамазанова мен Ұзынағаш ауылындағы ҰОС ардагері Федор Ковалевты құттықтады.

    Ардагерлермен кездесу барысында өңір басшысы олардың ерлігін ұлықтап, облыс тұрғындарының атынан алғыс айтты. Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың құттықтау хатын оқып, сыйлығын табыстады.

    «Биылғы Жеңіс күнін бізбен бірге нәбәрі           7 майдангер қарсы алып жатыр. Олар: Тәңірберген Толғанбаев (Іле ауданы), Федор Ковалев (Жамбыл ауд.), Солтанбай Жарықбасов(Еңбекшіқазақ ауд.), Оксана Бетебаева(Қонаев қ.), Павел Половой (Қарасай ауд.), Алим Кебиров (Ұйғыр ауд.), Вячеслав Легостаев (Талғар ауд.) сынды аталарымызбен апаларымыз. Қазіргі күні 2,5 мыңнан астам тыл еңбеккері өскелең ұрпаққа өнеге болып жүр. Байғабылов Тастемір (Қонаев қаласы), Мария Мұқанова (Қарасай ауданы),Сауранбаев Нариман (Райымбек ауданы), Галина Ляшева (Талғар ауданы), Шортанова Күлпар (Кеген ауданы) сияқты тыл ардагелері әлі де қоғамдық өмірге араласып, жастарға жол көрсетуде. Ұлы Отан соғысының ардагерлері мен тыл еңбеккерлерінің ешқайсысы мемлекеттің қолдауы мен қамқорлығынан, қоғамның сый-құрметінен тыс қалмауда.
    Біздің бүгінгі басты міндетіміз – осындай аға буынның сұрапыл соғыс жылдарындағы ерліктерін барынша дәріптеу. Себебі, «Ерлік – елге мұра, ұрпаққа – үлгі»!»,- деді өңір басшысы Марат Сұлтанғазиев.

    Жеңіс күні облыс әкімінің орынбасары, аудан және қала әкімдері де ардагерлерді мерекемен құттықтап барды. Олар майдангерлерге зор денсаулық пен бақыт тіледі.

    Айта кетейік, Алматы облысынан 40 мыңдай адам әскерге аттанған.
    Көзсіз батырлықтың жарқын үлгісін көрсеткен 20 майдангерімізге Кеңес Одағының Батыры атағы берілсе, облысымыздың 6 тумасы «Даңқ» орденінің толық иегері атанды.

    Ұсынымдар

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    Ulttyq ónim – 2025 атты отандық өндірушілер көрмесі ашылды

    2 months ago
    Оқушылар ой жарыстырды

    Оқушылар ой жарыстырды

    5 months ago
    Тасада қалған тағдыр

    Тасада қалған тағдыр

    1 year ago
    Тілшілер Жамбыл ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

    Тілшілер Жамбыл ауданының тыныс-тіршілігімен танысты

    2 years ago
    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    Қоғамдық көлікте қауіпсіздік күшейтілмек

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.