Биыл Құрбан айт мерекесі 17 маусым, яғни, дүйсенбіге түседі. Оразадан 70 күннен кейін тойланатын мұсылмандардың мерекесі күнтізбеде қызыл күнмен белгіленген.
Сол себепті, 15, 16 және 17 маусымда елімізде қатарынан 3 күн демалыс.
Құрбан айттың алғашқы таңында еліміздің барлық мешітінде Айт намазы оқылады. Айт намазынан кейін үш күн ішінде жағдайы бар мұсылмандар құрбан шалуы қажет.
Еске сала кетейік, құрбандыққа шалатын малға және союға қатысты қойылатын арнайы талаптар бар.