Еңбекшіқазақ ауданының Бәйдібек би ауылы Байболов көшесіндегі заңсыз салынған нысан бұзылды. Аудан әкімдігінің мәліметінше, меншік иесі нысанды рұқсатсыз тұрғызған.
«Бұрын меншік иесіне өз еркімен бұзу туралы хабарлама берілген. Меншік иесі сот шешімін орындамағандықтан, сот орындаушылар оны орындау мақсатында меншік иесінің мүлкін сүрді», – делінген хабарламада.
Еңбекшіқазақ ауданында заңсыз құрылыстарға бақылау күшейтіліп, 4 коммерциялық нысан сүрілген. Бүгінгі таңда заңсыз салынған 7 ғимараттың барлық қажетті құжаттары Алматы облысының мемлекеттік сәулет-құрылыс бақылау басқармасына жолданған. Сондай-ақ, Бәйдібек би ауылында тағы екі нысанды сүру жоспарланып отыр.