-13 °c
Qonaev
Saturday, May 24, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Әкелер ардақталды

    22.06.2024
    in Барлық жаңалықтар
    Әкелер ардақталды
    0
    SHARES
    19
    VIEWS

         Талғар аудандық Мәдениет үйінде Әкелер күні мерекесіне арналған тағылымды шара өтті. Оған Талғар қаласының әкімі Бақыт Күрішбеков, аудандық мәдениет және тілдерді дамыту бөлімінің басшысы Фарида ­Бегенбаева, үлгілі ұл-қыз тәрбиелеп отырған әкелер, қоғам белсенділері қатысты.

    Өткен жылы 2 маусымда Үкіметтің қаулысы қабылданып, мамыр айының екінші жексенбісінде Аналар күні, ал маусым айының үшінші жексенбісінде Әкелер күні ресми түрде мереке ретінде атап өтілетін жаңа дәстүр бастау алды.
    Бұл мерекелерді жалпы жұрт болып тойлау – өнегелі ұрпақ тәрбиелеп, ұлттың жарқын келешегін қалыптастыруға әсер ететіні сөзсіз. Әсіресе қазіргідей жалпыадамзаттық құндылықтардың қадірі кеміп, адами жақсы қасиеттер күннен-күнге азайып бара жатқан заманда ұрпақ бойында ата-анаға деген лайықты құрмет пен перзенттік сүйіспеншілік сезімдерін нығайтудың мәні өте зор. Өйткені кез келген қауымдастық, мемлекеттің негізі отбасы десек, осы шағын ұжымдағы өзара қарым-қатынас, ізет-құрмет, тәлім-тәрбие, білім-білік – әлемдік бірлік пен тату тірліктің, барлық ізгі ниет пен өркениетті дамудың қайнар көзі, ең асыл адами мұраттың нағыз өзі екені даусыз! Егер ардақты аналарымызды – өмірдің тұтқасы десек, асыл әкелеріміз – ұрпақтың, ұлттың, бәріміздің оттан да ыстық ортақ Отанымыздың қорғаны екені даусыз!
    Жиында сөз алған қала әкімі Бақыт ­Күрішбаев шара қатысушыларын мерекемен құттықтап, орамал тон болмайды, жол болады дегендей, үлгілі ұрпақ тәрбиелеп отырған оншақты азаматқа Алғыс хат тапсырып, бағалы сыйлықтар табыстады. Жақсы сөз жан семіртеді демекші, мерекеге орай арнайы жазылған хатта: «Нағыз ер адам – сенімді қорғаушы және мейрімді тәлімгер. Өз үлгісімен ұл-қыздарын тәуелсіздікке, жауапкершілікке үйретіп, қиын-қыстау кезеңде қолдау көрсетіп, жаңа кәсіпті игеріп, өмірдің биік белестерін бағындыруға көмектеседі. Әдетте балалардың бойында ерлік, намыс, отансүйгіштік сияқты қасиеттерді әкелер қалыптастырады» деген сөздер бар.
    Талғар жоғары медицина колледжінің директоры, ғылым кандидаты, Талғар ауданының Құрметті азаматы, аудандық мәслихат депутаты Бағжан Құдабаев айтқан ойлар да осы пікірлермен толық астасып жатты.
    – Менің әкемнің бір жасқа толғанда анасы, 11 жасқа толғанда әкесі қайтыс болып, көп қиыншылық көреді. Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысып, аман-есен оралады. Өзі хат танымаса да, өмірде көргені, көкірекке түйгені көп еді. Сол әкеміз: «Жүрісі жаман жігітті ел ішінде жау алады, бітісі жаман ағашты су ішінде өрт алады» деуші еді. Сөйтіп, сегіз баланы осы бір ауыз сөзбен тәрбиеледі. Бәріміздің жоғары білім алуымызға жағдай жасады. «Бірақ сендер колхоз бастықтарының балалары сияқты біріңнің түскен оқуыңа екіншің түсіп, бірің жұмыс істеген мекемеде екіншің істемеңдер, әркімнің өзінің таңдаған мамандығы болады», – дейтін. Содан да болар, біздің әулетте зоотехник те, дәрігер де, есепші де, мұғалім де, заңгер де бар. Бәрі – өз ісінің білікті маманы. Осының бәрі бір әкенің ғана тәрбиесі! – деді ол. Ақиқатын айтсақ, Бағжан                Әкімбайұлының бұл пікірі түлектер мектеп бітіріп, жоғары оқу орындарына әртүрлі мамандықтарға тапсырып жатқан тұста өте маңызды. Ал Кеңдала ауылдық ақсалдар кеңесінің төрағасы Бексұлтан Көлбаев «Әкені сағыну» деген өлеңін оқыды.
    Шара кезінде басқа да бірнеше ақ сақалды аталар мен асқар таудай әкелер ұйымдастырушыларға алғыстарын білдіріп, ұрпақ тәрбиесі жөнінде өз ойларымен бөлісті. Талғар театрының өнерпаздары сахналық көрініс қойып, әке туралы бірнеше ән шырқалды. Жиналған жұрт асқар тау – әкелер ардақталған тағылымды жиыннан ұмытылмас әсер алып, көтеріңікі көңіл күймен тарасты.

    Құтмағамбет ҚОНЫСБАЙ

    Талғар ауданы

    Ұсынымдар

    Алматы облысында екі нысан құрылысы бақылауға алынды

    Алматы облысында екі нысан құрылысы бақылауға алынды

    1 year ago
    Жастар орталығы ашылды

    Жастар орталығы ашылды

    6 months ago
    Алматы облысында жол апатынан 5 адам ажал құшты

    Алматы облысында жол апатынан 5 адам ажал құшты

    2 years ago
    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    Қонаевта денесінде ине жүрген әйелге сәтті ота жасалды

    1 month ago
    Кроссфит алаңы ашылды

    Кроссфит алаңы ашылды

    8 months ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.