Перейти к содержимому
Басты бет / Барлық жаңалықтар / Мемлекеттік грантпен басталған игі іс

Мемлекеттік грантпен басталған игі іс

125 қаралым

Алматы облысы Алатау қаласының тұрғыны Гүлсина Оңғарбаева мемлекеттік қолдаудың арқасында өз кәсібін ашып, ерекше білім беруді қажет ететін балаларға арналған «Айша» сөйлеу орталығын іске қосты.
Кәсіпкер бизнес идеясын жүзеге асыру мақсатында Мансап орталығына құжаттарын өткізіп, 400 АЕК көлемінде мемлекеттік грантқа ие болған. Қаражатты тиімді пайдаланып, балалардың сөйлеу қабілетін дамытуға бағытталған орталық ашқан.
«Айша» орталығында бүлдіршіндердің сөйлеу тілін қалыптастыру, дыбыстарды дұрыс айтуына және тілдік дағдыларын жетілдіруге бағытталған логопедиялық жұмыстар жүргізіледі.
«Өзімнің жеке кәсібімді ашқаныма қуаныштымын. Ең бастысы – еңбегімнің бүлдіршіндерге пайдасы тиіп жатқаны. Балалардың әр жетістігі мен үшін үлкен қуаныш», – дейді Гүлсина Оңғарбаева.
Мемлекеттік грантпен басталған бұл жоба бүгінде балалардың дамуына үлес қосып, кәсіпкерлікті әлеуметтік маңызы бар іспен ұштастырып отыр.

Қалдықыз ЕСЕНБАЕВА

Алатау қаласы

↑