-13 °c
Qonaev
Monday, May 12, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    03.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Инфрақұрылым
    Алматы облысында 98 ауыл интернетке қосылады

    Фото: almaty.tv

    0
    SHARES
    13
    VIEWS

    ҚР Үкіметінің 2023 жылғы 27 қазандағы № 949 қаулысымен Байланыс саласындағы «Қолжетімді Интернет» ұлттық жобасы бекітілді. Өңірлік коммуникациялар қызметінде баспасөз жиынын өткізген Алматы облыстық Цифрлық технологиялар басқармасының бас маманы Тұран Талғатұлының айтуынша, жоба ауылдарды талшықты-оптикалық байланыс арқылы интернетке қосу мақсатында дайындалған. Жоба бойынша 2027 жылға дейін 98 ауылды кең жолақты интернетке қосу жоспарланып отыр.

    Сонымен қатар, «Кең жолақты қолжетімділік қызметтерін ұсыну үшін ғарыштық байланыс жүйесінің ресурстарын пайдалана отырып, халық аз қоныстанған ауылдарда спутниктік арналарды ұйымдастыру» жобасы бойынша 8 ауылды интернетпен қамту жұмыстары жүргізілуде.

    «Облыс халқын жылдамдығы жоғары интернетпен тұрақты қамтамасыз ету мақсатында «Алатау Жарық Компаниясы» АҚ-мен шағын байланыс операторларына электр беру желілерінің тіректерін өтеусіз орналастыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Қазіргі уақытта 27 шағын байланыс операторлары облыстың 134  елді мекенінде талшықты-оптикалық байланыс желісі технологиясына негізделген жоғары жылдамдықты интернет жүргізу жұмыстарын атқарып жатыр», – дейді Тұран Талғатұлы.

    «Қолжетімді интернет» жобасынан ауыл мектептері де тыс қалмақ емес. Мәселен, былтырғы жылы  спутниктік технологияға негізделген жоғары жылдамдықты интернетке қосудың пилоттық жобасы шеңберінде облысымыздың шалғай елді мекендерінде орналасқан 8 мектеп Starlink жүйесінің жылдамдығы 200 Мбит/с-ке дейін жететін интернетіне қосылды. Ал, биыл тағы 65 білім ошағын интернетпен қамту көзделген.

    Шалғай ауылдармен қоса демалыс орындарында да интернет қол жетімді болмақ. Оған дәлел,  Алматы облысының цифрлық технологиялар басқармасы мен «Freedom Telecom» ЖШС жасасқан меморандум негізінде Қонаев қаласының қалалық жағажайы мен паркіне тегін Wi-Fi нүктелерімен қамтамасыз еткен еді.

    Ұсынымдар

    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    Өлкетанушы: “Біз үлкен тарихтың үстінде отырмыз”

    1 year ago
    «Масс-медиа туралы» Заң қабылданды

    Жас тілшілер мектебі қажет

    11 months ago
    Қос тұлғаға арналды

    Қос тұлғаға арналды

    7 months ago
    Қазына тұнған құт мекен

    Қазына тұнған құт мекен

    1 month ago
    марат

    Облыс әкімі Тәуелсіздік күнімен құттықтады

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2024

      «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      t>