🌧️
2°C
Қонаев
Сәрсенбі, Қараша 5, 2025
    "Алатау Арайы" газеті

    Газет 1918 жылдан бастап шығады

    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    No Result
    View All Result
    "Алатау Арайы" газеті
    Home Барлық жаңалықтар

    Азияны мойындатты

    14.06.2024
    in Барлық жаңалықтар, Спорт
    Азияны мойындатты
    0
    SHARES
    16
    VIEWS

    Райымбек ауданы Шалкөде ауылының тумасы Назерке Дәулетжан Ақтау қаласында өткен жауынгерлік самбодан жастар арасында Азия және Океания чемпионы атанды. Ел мерейін үстем еткен спортшы қыздың жеңісі баршаны сүйіндірді.

    Назерке Шалкөде орта мектебін 2022 жылы бітіріп, Қазақ ұлттық қыздар педагогикалық университетіне оқуға түскен. Бүгінде 2-курс студенті. Отбасында 4 баланың кенжесі. Әкесі Дәулетжан Ыбырайымқұлов пен анасы Гүлбану Өмірғалиева қызының таңдауына әркез қолдау көрсетіп, перзенттерін үлгі тұтты.

    Назерке дзюдо күресімен 2019 жылдан бері айналысып келеді. Тараз қаласындағы республикалық чемпионатта жауынгерлік самбодан 65 келі салмақ дәрежесінде бірінші орын,  Қарағанды, Павлодар, Семей қалаларында өткен ел чемпионатында екінші орын алды. Жиырма жасар Назеркенің жетістіктерін санай берсек, жетіп артылады. Енді міне, ол тағы да бір биік белесті бағындырды. Азия және Океания чемпионы болды.

    Спортшының бағы жанса, бабының келіскені. Назерке жеңіске жету жолында бапкерлердің ерен еңбегін ерекше бағалайды. Алғашқы жаттықтырушысы – Еңлік Қанатбекқызы. Дзюдо күресінен Қазақстан Республикасының спорт шебері. Халықаралық турнирлердің жеңімпазы. 2018 жылы Шалкөде ауылына келін болып түскен. Қазіргі таңда 3 баланың анасы. Отбасылы болған соң шәкірт тәрбиелеуді қолға алып, спорт саласына жаттықтырушы ретінде оралған.

    «Назерке – менің ең алғашқы шәкіртім. Оған ата-анасы өте жақсы тәрбие берген. Қанағатшыл, төзімді, берілген тапсырманы аса ыждахаттылықпен орындайды. Қандай жарыстан орын алса да бірінші өзіме хабарласып, «Апай, сіздің арқаңыз» деп алғысын білдіріп жатады. Назеркемнің қазіргі жаттықтырушысы – менің алғашқы бапкерім Жомарт Сағындықов, – дейді Еңлік Қанатбекқызы.

    Нәзіктік пен батылдықты шебер ұштастырған спортшы қыздың жеңісті күндері көп болсын!

    Ақерке Бижан,

    Райымбек ауданы

    Ұсынымдар

    WhatsApp желісіндегі алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    WhatsApp желісіндегі алаяқтықтан қалай сақтану керек?

    2 years ago
    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    Алматы облысының 5 өңірінде су тасқыны қаупі жойылды

    2 years ago
    Игі бастама

    Игі бастама

    2 months ago
    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды

    Іле ауданында ұрпақтар сабақтастығына арналған әлеуметтік клуб ашылды

    2 years ago
    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    5 облыста құрғақшылыққа байланысты ескерту жарияланды

    1 year ago
    • Басты бет
    • Әлеумет
    • Денсаулық
    • Құқық-заң
    • Мәдениет
    • Руханият
    • Саясат
    • Газет редакциясы
    • БАСПАСӨЗ – 2026
    © 2023 www.alatauaraiy.kz

    «Alatau araiy» газеті Меншік иесі: «Өлке тынысы» ЖШС Қазақстан Республикасы, Алматы облысы, Қонаев қаласы, Достық көшесі, 1, Индекс: 040800 https://alatauaraiy.kz желілік басылымы Қазақстан Республикасы Ақпарат және қоғамдық келісім министрлігінің Ақпарат комитетінде 2023 жылғы 30 қаңтарда тіркеліп, № KZ 12VPY00063736 куәлігі берілген. Сайт материалын пайдалану үшін редакция келісімі керек және гиперсілтеме жасау міндетті.

      ↑
      t>