Перейти к содержимому
Главная страница » Алматы маңынан қалаға тағы бір маршрут қатынай бастады

Алматы маңынан қалаға тағы бір маршрут қатынай бастады

Алматы облысында 20 қарашадан бастап қала маңынан қатынайтын №234 бағыт іске қосылды.

«Алматы қаласы қалалық мобильділік басқармасының мәліметінше, аталған бағыт Еламан ауылынан бастап Алтай-1 (ВАЗ) шағын ауданына дейінгі көлік қатынасын қамтамасыз етеді.

Осы бағытта барлығы 10 автобус қатынайды. Автобус әр 20 минут сайын жүреді.

Ведомство Алматы агломерациясын дамыту аясында 2023 жылы 25-ке жуық елді мекенді қамтитын қала маңындағы 10 жаңа бағытты ұйымдастыру жоспарланғанын айтты.

Еске салсақ, бұған дейін «Сәлем» базары мен Іле ауданындағы Исаев кенті арасында жүретін №235 автобус бағыты ашылған.